Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Фариза, оралшы": Нұрсұлтан Жақсыген эфирде бұрынғы әйелінен кешірім сұрап, қоңырау шалды

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйелімен қайтадан қосылғысы келетінін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhaksygen_n/

Өнер иесі “Менің өмірім” бағдарламасына сұхбат беріп, әйеліне қоңырау да шалды. 

“Телефонын көтермейтін шығар. Бұрын телефонымда аты “Жүрек” деп тұратын, кейін “Фари” болды. Қоңырау барып тұр. Бірақ көтерген жоқ. Мүмкін естімей қалды немесе өзі көтергісі келмеді. Ең бастысы қадам жасалды”, – деді актер. 



Одан кейін бағдарлама арқылы әйелінің ата-анасынан және халықтан кешірім сұрады. 

“Отбасын сақтап қалу – әрбір ер-азаматтың міндеті. Қателескен жерлерім болса, кешірім сұраймын. Халықтың алдында, өз ата-анамның, ол кісінің ата-анасының алдында кешірім сұраймын. Алла қаласа отбасымды сақтап қалуға бар күшімді салуға тырысамын", – деп жан сырын ақтарды киножұлдыз. 

Еске салайық, "Атам ажырасыңдар деп, енем айлығымды сұрады" деп Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі өзін қаралағандарға жауап берген еді. 

Талқылау