Фарер аралдары Черногорияны 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, рекордын қайталады
Фото: Getty Images
Фарер аралдарының ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде тамаша нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Команда жетінші турда Черногория құрамасын 4:0 есебімен ұтты.
Кездесуде "КИ Клаксвик" клубының 33 жастағы жартылай қорғаушысы Өрни Фредериксберг екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Ал "Целе" ойыншысы Ханус Соренсен дубль жасап, қарсыластың қорғанысын бірнеше рет қапы қалдырып кетті.
Бұл жеңіс Фарер аралдары құрамасының ресми матчтардағы ең ірі нәтижесін қайталады. Бұған дейін команда 2021 және 2024 жылдары Лихтенштейнді тиісінше 5:1 және 4:0 есебімен ұтқан болатын.
Соңғы төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жеткен фарерліктер тек Хорватияға (0:1) жол берді.
Қазір команда іріктеудің L тобында үшінші орында тұр. Алты ойыннан кейін Фарер аралдарының еншісінде 9 ұпай бар. Оларды Чехия мен Хорватия (13 ұпай) ғана басып озған, чехтардың бір ойыны артық.

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
