Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ежелгі қамалды түсіріп жүрген дрон, кездейсоқ салт атты жауынгердің елесін түсіріп алды (видео)

41 жастағы Томас Арнольд ұшқыссыз ұшағын Берклидегі ежелгі Глостершир қамалын түсіріп, панорама жасау үшін пайдаланған. Дегенмен түсірімнің нәтижесі желі қолданушылар мен оператордың өзін таңғалдырды.

Ежелгі қамалды түсіріп жүрген дрон, кездейсоқ салт атты жауынгердің елесін түсіріп алды

Бұл туралы Daily Mail хабарлады,  деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Үйіне келіп, видеоны көрген Томас қамалдың ішінен салт атты жауынгерге ұқсайтын, ақ түсті елесті көрген. Ер адам ежелгі сарайдың ішін түсіріп жатқанда, дронға ие бола алмай қалғанын жеткізді. Ол дәл сол уақытта қамалдың ішінде жүрген бейненің елес екеніне сенімді.

«Мен оны көргенде, Құдайым-ау бұл не деп таң қалдым»,-дейді Томас Арнольд.

Томас Арнольд бұған дейін де елестердің бар екеніне сенгенін мәлімдеді, бірақ осы оқиғадан кейін олардың шынымен өмірде кездесетініне көз жеткізді. Оның айтуынша, видеожазбада елестен басқа ешкім болмады.

«Себебі қамалға жақын маңда ешқандай түтін шығатындай жер болмады, ал жел кері бағытта соқты»,- дейді Томас.

Оқи отырыңыз:

Жылдың ең үздік фотосы жарияланды

Ғалымдар смартфонға тәуелділіктің қандай қатері бар екенін анықтады

Африкадағы «VIP» әжетхананың салтанатты ашылу рәсімі жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Қазақстанда туылған бір көзді қозы жұртты шошытты (видео)

Талқылау