"Евразия" СК көршілердің автотұрақ үшін таласында көліктердің қалай зақымдалатынын айтты
Жол-көлік оқиғалары – кез келген автомобиль үшін негізгі қауіп. Бұған өткен жылы болған 90 мың жол апаты дәлел. Алайда тәжірибе көрсеткендей, көліктер үйдің ауласында немесе қала көшелерінде тұрақта тұрған кезде де жиі зақымданады. Толығырақ "Евразия" сақтандыру компаниясы айтып берді.
Көліктің зақымдануына көршілер арасындағы қарым-қатынас та себеп болуы мүмкін. Күн өткен сайын көліктер саны көбейіп келеді, ал оның барлығына тұрақ орны жеткіліксіз. Адамдар күнделікті көлігін қойып кетіп жүрген орынды жеке меншігі сияқты қарайтын болған. Ол орынға басқа біреу көлік қойса, тіпті таласауға дейін барып жатады. Осындай кикілжіңдерде кейбір адамдар біреудің мүлкін бүлдіруге дайын.
Петропавлда Hyundai Santa Fe көлігінің жүргізушісі таңертең үйінің ауласында тұрған көлігіне отырып, аяғының астындағы әйнек сынықтарын байқаған. Ал кейін көлігінің панорамалық шатыры сынғанын байқаған. Полицейлер күдіктіні анықтай алмаған, КАСКО келісімі бойынша сақтандыру төлемі 674 мың теңгені құрады.
"Люк әйнегінің зақымдануы ауа–райының әсерінен болуы да мүмкін. Ол дауыл, қар, бұршақ жауып, ағаш құлаған жағдайда сынып кетуі ықтимал. Әдетте, бұзақылар көлікті сырып немесе дөңгелектерінің желін шығарып кетіп жатады", – дейді "Евразия" СК баспасөз қызметі.
Петропавлдағы тағы бір көлікке үйдің ауласында зақым келген. Кешкісін Cherry Tiggo 2 Pro көлігінің иесі артқы есіктен самокаттың немесе велосипедтің рулінен туындаған сызаттарды байқаған. КАСКО ерікті сақтандыру шарты бойынша төлем 647 мың теңгені құрады.
"Көршілер, балалар немесе өтіп бара жатқан адамдар көлікке қасақана зиян келтірмейді. Аулалардың көпшілігі, әсіресе бұдан 20 жыл бұрын салынған үйлердің ауласындағы тұрақтар қазіргі жеке көліктің санына арналмаған. Сондықтан көліктің зақымдану себептері әр түрлі болуы мүмкін, соның ішінде кездейсоқ жағдайлар да бар", – дейді "Евразия" СК.
Өскеменде белгісіз біреу бұзақылық ниетпен тұрғын үйдің кіреберісі маңында тұрған Hyundai Santa Fe көлігіне зақым келтірген. Көліктің алдыңғы есігінің әйнегін сындырған. Сақтандыру төлемі 543 мың теңгені құрады.
Көпқабатты үйлердің аулаларының көпшілігінде сыртқы бақылау камералары орнатылмаған немесе олардың көрінісі кіреберістің жанындағы шектеулі кеңістікті ғана қамтиды. Мұндай жағдайда кінәліні табу қиындай түседі.
Зардап шеккен автокөлік иелері, көлігі КАСКО ерікті сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандырылмаса, автокөліктерін өз қаражаттарына жөндеуге мәжбүр.
Естеріңізге сала кетейік, SmartCASCO бағдарламасы бойынша полисті 50% жеңілдікпен рәсімдеуге, шарттарды таңдауға және құнын eurasia36.kz сайтында дербес немесе "Евразия" СК кеңселерінде есептеуге болады. 11 айға дейін бөліп төлеу қолжетімді.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ерікті автосақтандыру бойынша сақтандыру компаниялары 49 млрд теңгеден астам сыйлықақы жинады. "Евразия" СК осы класс бойынша көшбасшылықты сақтауды жалғастыруда. Компанияға 11 млрд теңге немесе жиналған сыйлықақылардың 22%-дан астамы тиесілі.
*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы