Еуропротокол: 2025 жылы жүргізушілер үшін үйреншікті сервиске айналды

Бірнеше жыл бұрын жеңіл жол апаты жүргізушілер үшін уақыт жоғалту, жол полициясын күту және сақтандыру компанияларындағы ұзын-сонар кезекпен ассоциацияланатын. 2025 жылы бұл көрініс толықтай өзгерді. Еуропротокол елімізде іске қосылған цифрлық шешім ретінде қазақстандық жүргізушілердің күнделікті жол тәжірибесінде орнығып, ұсақ жол-көлік оқиғаларын рәсімдеудің ең ыңғайлы тәсіліне айналды.
2025 жылы сервис жаңашыл жоба емес, қалыпты әрі логикалық құрал ретінде қабылданады. Қалалардағы тығыз трафик жағдайында жүргізушілер оны жолды жылдам босату, кептелістің алдын алу және артық күйзеліссіз мәселені шешу мүмкіндігі үшін бағалайды.
Еуропротокол – бұл екі жүргізуші арасындағы келісім арқылы, полиция шақырмай-ақ ұсақ ЖКО рәсімдеуге арналған жеңілдетілген тәртіп. Жүргізушілерге бар болғаны интернетке қосылған смартфон және бірнеше минут уақыт қажет. Арнайы мобильді қосымшада апатқа қатысушылар оқиғаның мән-жайын өздері белгілеп, кінәлі тарапты анықтап, деректерді сақтандыру компаниясына электронды түрде жолдайды.
2025 жылдың қорытындысы Еуропротоколдың сұранысқа ие әрі сенімді сервис екенін айқын көрсетті. Бір жыл ішінде қосымша арқылы 19 483 өтінім қабылданды. Бұл көрсеткіш қазақстандық автокөлік иелерінің цифрлық сервиске деген жоғары сенімін дәлелдейді. Ал қосымшаны пайдаланушылар саны 120 мың адамнан асты және күн сайын артып келеді.
Сервис ұсақ жол апаттарын тек рәсімдеу үшін емес, нақты сақтандыру жағдайларында белсенді қолданылады. 2025 жылы Еуропротокол арқылы тіркелген өтінімдерде зардап шеккендер жалпы сомасы 6,19 млрд теңгеден асатын шығынды көрсетті. Мұндай ауқымды сома қосымшаның жүргізушілерге оқиғадан төлемге дейінгі жолды жеңілдететін шынайы құралға айналғанын растайды.
Қандай жағдайда қолдануға болады
Еуропротокол арқылы ЖКО рәсімдеу бірнеше нақты шартқа сүйенеді:
• жол апатына міндетті автосақтандыру полистері бар екі көлік қатысса;
• зардап шеккендер болмаса;
• жүргізушілер апат мән-жайы бойынша ортақ келісімге келсе және кінәлі тарап анықталса;
• көрсетілген шығын көлемі 100 АЕК-тен (369 200 теңге) аспаса;
• барлық рәсімдеу мобильді қосымшада электронды түрде жүргізілсе.
Дәл осы ережелердің айқындылығы мен қарапайымдылығы сервиске деген сұранысты күшейтті.
Неге Еуропротоколды жиі таңдайды
2025 жылы жүргізушілер цифрлық сервиске бірнеше себеппен басымдық берді:
• Уақытты үнемдеу – полиция күтпей-ақ бірнеше минутта рәсімдеу;
• Төлемнің жылдамдығы – сақтандыру өтемі 6–15 күн аралығында түседі;
• Қағазбастылықтың аздығы – барлық процесс онлайн, ешқандай қағаз өтінімсіз;
• Қалаға қолайлылығы – жолды жылдам босату арқылы кептелістерді азайтады және жанжалды жағдайлардың алдын алады.
Жүргізушілер үшін бұл – артық әуресіз рәсімдеу, аз стресс және көп сенім.
СТКБҚ рөлі: жүйелі жұмыс, тұрақты нәтиже
Сервистің іске қосылуы мен тұрақты жұмыс істеуі – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (СТКБҚ) жүйелі еңбегінің нәтижесі. Қор Еуропротоколдың бастамашысы және операторы ретінде техникалық жүзеге асырылуын, сақтандыру компанияларымен интеграцияны және сервис тұрақтылығын қамтамасыз етті.
Бүгінде Еуропротокол – мыңдаған қазақстандық жүргізушілер үшін күнделікті қолданылатын қалыпты сценарий. Бұл — азаматтардың өмірін жеңілдететін әлеуметтік әрі салалық шешімдердің тиімділігінің нақты мысалы.
Еуропротокол – жол мәдениетінің жаңа нормасы
2025 жылы Еуропротокол – ұсақ ЖКО рәсімдеудің баламасы емес, үйреншікті норма. Сервис жауапкершілік, өзара келісім және технологияны орынды пайдалану секілді құндылықтарды дәріптейтін жаңа жол мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Қосымша App Store және Google Play дүкендерінде тегін жүктеуге қолжетімді. Сервис одан әрі дамып, басты қағиданы тағы да дәлелдеп келеді: заманауи цифрлық шешімдер жолды тыныш, жүргізушілер өмірін әлдеқайда жеңіл ете алады.
Анасын мәжілісте құттықтаған Назаров, жалған ақпарат берген министр Жұманғарин: 2025 жылы басы дауға қалған шенеуніктер