Еуропаның бірнеше елі жаппай жарықсыз қалды
Фото: EPA
Еуропаның бірқатар елі жаппай жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Электр энергиясының жаппай өшуі Испания, Португалия, Бельгия, Франция және Андоррада болған.
The Sun басылымының мәліметінше, Испания мен Португалияның көптеген аймақтарында электр жүйелерінде ақау болып, соның нәтижесінде тұрғындар жарықсыз және мобильді байланыссыз қалған. Әсіресе, жарықтың өшуі Мадридте, Барселонада, Валенсияда, Ла-Коруньяда, Севильяда және басқа да қалаларда тіркелген.
28 сәуір күні Испанияның көптеген аймақтарында жүздеген үй мен кәсіпорында электр қуаты өшіп, бұл тұрғындар арасында дүрбелең туғызды. Мадрид-Барахас халықаралық әуежайының жұмысында да ақаулар байқалған. Кейбір елді мекендерде бағдаршамдардың істен шығуы салдарынан көлік қозғалысы тоқтап, кептелістер пайда болды. Испанияның кейбір ауруханаларында да жағдай күрделі.
Испанияның ұлттық теміржол компаниясы RENFE ауқымды электр қуатының өшуі елде бүкіл теміржол желісі бойынша пойыздардың қозғалысының тоқтауына себеп болғанын хабарлады.
Қазір электрмен қамтамасыз етуді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Vanguardia басылымы Андорра, Бельгия және Францияның кейбір аймақтары да жарықсыз қалғанын хабарлады.
Апаттың себептері әзірге белгісіз. Қазір билік пен энергетикалық компаниялар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
