Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропалық жанкүйерлер қазақстандық бапкерге қарсы бойкот жариялады

Фото: Liam McBurney/PA Images via Getty Images

Литваның әйгілі "Жальгирис" клубының жанкүйерлері қазақстандық маман Владимир Чебуриннің жұмысына наразы екенін ашық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ел біріншілігінің көшбасшысы "Кауно" клубына қарсы өткен матчтың басында жанкүйерлер трибунадан "Чебурин, кет!" деп айқайлап, алаңға бірнеше ескі шабадан лақтырған. Осыған байланысты ойын уақытша тоқтатылып, бөгде заттар алаңнан шығарылған соң ғана қайта жалғасты.

Айта кетейік, Қарағанды тумасы Владимир Чебурин бірнеше маусым бойы туған қаласының "Шахтер" клубын жаттықтырған. 2016 жылы ол Литваға бапкерлік қызметпен ауысып, алдымен "Судува" командасын 2016 мен 2019 жылдар аралығында үш рет ел чемпионы атандырды. Кейін 2020 жылдан бастап 2024 жылға дейін үш маусым қатарынан "Жальгириспен" чемпиондық титул жеңіп алды.

Алайда биылғы маусым сәтсіз басталды: команда Чемпиондар лигасы мен Конференциялар лигасының іріктеуінен шығып қалды, сондай-ақ ұлттық кубоктан да ерте кезеңде жеңіліп қалды. Қазіргі таңда "Жальгирис" турнирлік кестеде жетінші орында тұр, бұл жанкүйерлердің наразылығын тудыруда.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 05 Тамыз, 2025 15:17
Талқылау
`