Еуропадағы кондиционерлер аптап ыстыққа әсер етті – Сарапшы

Фото: Pixabay.com
Еуропада электр энергиясын өте көп тұтынудан температура рекордтық деңгейде өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сарапшының мәлімдеуінше, қалаларды қыздырып жіберген тек климат емес, кондиционерлердің өздері.
“Кондиционерлер далаға ыстық ауаны сыртқа шығарады. Париж немесе Лион сияқты ірі қалаларда бұл температураның +2°С-қа дейін көтерілуіне әкеліп, жаһандық жылыну әсерін тудыруы мүмкін.
Балама ретінде сарапшылар төбеде ілініп тұратын желдеткіштер қолданылатын АҚШ пен Аустралия тәжірибесіне назар аударуды ұсынады.
Болжам бойынша, алдағы күндері ауа температурасының шарықтау шегі күтіледі. Ұлыбританияның, Испанияның, Францияның және Португалияның солтүстік аймақтарында қазірдің өзінде ерекше жоғары температура тіркелді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі