Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕуроОдақ Ресейге төрт режимге сәйкес 130-дан астам санкция енгізді

Фото: Shutterstock

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы бір мезгілде төрт санкциялық режим енгізді. Олар Украинадағы соғыс, гибридтік шабуылдар, адам құқықтарын бұзу және химиялық қаруды қолданғаны үшін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

20 мамырда Брюссельде ЕуроОдақ елдерінің сыртқы істер министрлері кеңес өткізді. Жиын барсында Ресейге қарсы бірнеше санкциялық режимдерді бір мезгілде қолданудың "ең ауқымды" түрі мақұлданды. Олар:

  • Украинаға қарсы агрессивті соғысы;
  • адам құқықтарын өрескел бұзғаны;
  • Батыс елдеріне қарсы гибридтік әрекеттері;
  • химиялық қаруды қолданғаны үшін.

Барлығы 130-дан астам жеке санкциялар қабылданды. Оның ішінде кей санкциялар Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне, "көлеңкелі флотқа" және оның сыбайластарына, үшінші елдерден Ресейге санкцияланған тауарларды жеткізушілерге, үгіт-насихат пен жалған ақпарат таратушыларға қарсы енгіззілді.

Төрт санкциялық режим

Ресейдің Украинадағы агрессиясы үшін жазаның 17-ші пакеті аясында санкциялар тізіміне 75 жаңа заңды және жеке тұлға, 189 "көлеңкелі флот" кемелері қосылды. Бұл ЕуроОдақ-тың ресми журналында жарияланған құжатқа сәйкес, одақ тізіміндегі жеке тұлғалар саны 2400-ден асады. Ал кемелер санын 342-ге жеткізеді. Жаңа шектеулер, "КАМАЗ" қоғамдық акционерлік қоғамының бас директоры Сергей Когогин мен "Сургутнефтегаз" мұнай компаниясына қатысты. Жалпы бұл құжатқа 17 жеке және 58 заңды тұлға кіреді. Олар негізінен қару-жарақ пен әскери техниканы, ұшқышсыз ұшақтарды өндірумен байланысты.



ЕуроОдақ-тың гибридтік қызметке қатысты санкциялық режимі аясында Ресейltа 27 жеке және заңды тұлғаларға қатысты салалық шаралар, жеке айыппұлдар енгізілді.

ЕуроОдақ-тың адам құқықтарын бұзғаны үшін жаһандық санкциялық режимі аясында санкциялар тізіміне Ресейден тағы 28 жеке және заңды тұлға қосылды7 Олардың қатарында саяси тұтқын Алексей Гориновқа қатысты айыпты үкімді шығарған судья Олеся Менделеева мен сол сот процесінде мемлекеттік айыптаушы болған Светлана Журавлева да бар. Қалғандарының бәрі судьялар, прокурорлар және тергеушілер. Сонымен қатар Федералдық қылмыстық атқару қызметінің бір шенеунігі бар.

Украинада "химиялық қаруды тарату және қолдану" бойынша жеке тізім бекітілді. Оның құрамына Ресей Қорғаныс министрлігінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері және екі ведомстволық ғылыми-зерттеу институттары кірді.

Келесі санкциялар пакеті әзірленіп жатыр

Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен бірнеше күн бұрын Еуропалық Одақ Ресейге қарсы келесі ауқымды санкциялар пакетін дайындап жатқанын мәлімдеді. Бұл шараларды одақ кеңесі әлі мақұлдаған жоқ. Бірақ сыртқы істер министрлері Брюссельдегі кездесуде оларды талқылайды.

Фон дер Лейеннің айтуынша, жаңа пакетте "Солтүстік ағын" және "Солтүстік ағын 2" газ құбырларына қарсы санкциялар енгізіледі. Сонымен қатар ресейлік "көлеңкелі флоттың" кемелерінің қара тізімі кеңейтілмек. Сондай-ақ ЕуроОдақ G7 серіктестерімен бірге барреліне 60 доллар болатын мұнай бағасының шекті деңгейін төмендету мәселесін талқылап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкциялар пакетін бір жылға ұзарту туралы жарлыққа қол қойған еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 21 Мамыр, 2025 10:59
Талқылау