Еуроодақ еуробондтардың көмегімен Ресейдің империялық амбициясын тоқтатуға ниетті
Еуроодақ пен Ұлыбританияның бес үкіметінің өкілдері Варшавада кездесіп, Украинаны қолдау мен НАТО-ның болашағы туралы сөйлесті. Олар Ресейдің империялық амбициясын тоқтатуға ниетті екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Еuronews.com” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Marcin Obara/PAP/dpa/picture allianceф
ЕО-ның бес ірі елі әскери өнеркәсіптік кешен блогын нығайту үшін бірлескен қорғаныс облигацияларын шығару туралы ұсынысты қолдады.
Поляк дипломатиясының жетекшісі Радослав Сикорский, Франция, Германия, Италия және Испанияның Сыртқы істер министрлерін қабылдады. Оған Ұлыбритания өкілі де қосылып, мұны "үлкен мәміле" деп атады.
Сикорскийдің айтуынша, жаңа еуробондтар Ресейдің империялық амбицияларына үзілді-кесілді қарсы тұруға қауқарлы.
“Путин басқарған Ресей тек Еуропа үшін ғана емес, сонымен қатар әлемдік тәртіп үшін де қауіпсіздікке қауіптердің бірі болып қала береді. Мәскеудің мақсаты – Еуропалық қауіпсіздік архитектурасын түпкілікті жою”, – деді Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорский.