Еуроодақ Temu маркетплейсіне бақылауды күшейтпек
Еуроодақ нарықтағы бағалардан әлдеқайда төмен бағада тауар жеткізетін Temu маркетплейсіне бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Sporgundemi.net.tr
Бақылауды қатаңдатудағы себеп, шетелдік сарапшылар онлайн сауда дүкенінің қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды.
“Бұл қосымшада клиенттердің жеке деректері қорғалмаған. Temu-да алаяқ саудагерлерге тоқтау салатындай тұрақты жүйе жоқ. Сондықтан онлайн-платформада заңсыз фармацевтикалық препараттар, косметика мен ойыншықтар сатылуы мүмкін”, – дейді мамандар.
Алайда қытайлық компания жеке деректерді өңдеуге қатысты жергілікті ережелерді қатаң сақтаймыз деп жауап берген.
Financial Times басылымының мәліметінше, Еуропалық Одақ қауіпті және заңсыз тауарлармен күресу, тұтынушылар мен нарықтағы бәсекелестікті қорғау үшін шетелдік маркетплейстерге арналған жаңа ережелер енгізуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндеттелген еді.