Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуро-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасының іріктеу турнирдегі қарсыластары анықталды

Футзалдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚФФ

Қазақстан футзал құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде 6-топқа түсіп, Армения, Дания және Албанияға қарсы ойнайтын болды. Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алса, екінші орын алғандардың ішінен 8 үздік құрама өзара мықтыны анықтайды.  Іріктеу кезеңінің алғашқы матчын Қазақстан құрамасы 13 желтоқсанда сырт алаңда Албанияға қарсы ойнаса, 18 желтоқсанда өз алаңында Армениямен күш сынасады. Ал 2025 жылдың 1 ақпанында сырт алаңда Данияға аттанса, 5 ақпанда өз алаңында қарымта ойын өтеді. Сондай-ақ, 7 наурызда өз алаңында Албанияны қабылдаса, 12 наурызда Армения құрамасына қонаққа барады.

Айта кетейік, іріктеу кезеңі 2024 жылдың 13 желтоқсаны мен 2025 жылдың 12 наурызы аралығында өтсе, финалдық кезең 2026 жылдың 18 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Литваның Рига және Каунас қалаларында өтеді. 

Талқылау