Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2024: Испания мен Италия В тобында плей-офф кезеңіне шықты

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында В тобында плей-офф кезеңіне шыққан құрамалар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gettyimages.ru/

В тобындағы құрамалар Еуропа чемпионатының үшінші кезең аясындағы ойындарын өткізіп, плей-офф кезеңіне шыққан командаларды анықтады. Испания құрамасы үшінші матчында да жеңіске жетіп, топтық кезеңде 9 ұпаймен бірінші орын алды. Луис Кастильо шәкірттері Албания құрамасын 1:0 есебімен жеңді. 13-минутта қарсыластың қақпасынан саңлау тапқан Ферран Торрес матчтағы жалғыз голдың авторы атанды. 

Лейпцигтегі "Ред Булл Арена" стадионында Италия мен Хорватия құрамасы кездесіп, плей-офф кезеңіне шығатын екінші құраманы анықтады. Италиялықтарға тең нәтиже де жеткілікті болса, Хорватия құрамасына қалай да жеңіске жету керек еді. Бірінші таймда есеп ашылмаса, екінші таймның 54-минутында Хорватия капитаны Лука Модрич пенальти сала алмай қалды. Бірақ араға 1 минут салып, 55-минутта қатесін түзеп, гол соқты. Дегенмен Италия құрамасы негізгі уақытқа қосылған қосымша минутта 90+8 минутта есепті теңестіріп кетті. Осылайша бұл топта Испания мен Италия құрамасы плей-офф кезеңіне шықты. Дегенмен Хорватияның да плей-офқа шығу мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, бұған дейін Португалияның F тобында плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы құрама атанғанын жазған едік. 

Талқылау