Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Еуразия Барысын» Қазақстан құрамасы жеңіп алды

«Еуразия Барысы» қазақ күресінен әлем кубогында  Қазақстан ұлттық құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Сурет: Ақпараттық және спорттық ХАБ

Турнирдің финалында ұлттық құрама Алматы командасын ұпай санымен ұтты. Кездесу 4:4 есебімен тең аяқталған еді. Ақтық кезеңнен бұрын турнир жеңімпаздары Моңғолия мен жапония құрамасын жеңді. Ал Алматы құрамасы Грузия мен Өзбекстанды тізе бүктірді.

Үшінші орын үшін өткен бәсекеде өзбектер жапондардан басым түсті.

«Бізге бұл турнирді ұтуға сәттілік жетпеді. Ұлттық құрамамен тең күрескен едік. Тек ұпай санымен ұтылдық. Жалпы алғанда қарсыластар осал емес. Спортшылардың нәтижесіне көңілім толды. Алдағы уақытта басқа жарыстарға дайындалатын боламыз,” — деді екінші орын алған құраманың аға жаттықтырушысы Бауыржан Тәліп.

«Еуразия Барысы» қазақ күресінен әлем кубогына барлығы сегіз елдің балуандары қатысты. Қатысушылар арасында жарысқа алғаш рет қатысқан Бразилия, Жапония және Камерун құрамалары бар.

Осылайша, турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар және тайқазан берілді. Бірінші орынға— 10 миллион теңге, екінші орынға – 6 миллион теңге және үшінші орынға — 4 миллион теңгемен марапаттады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Сондерс – Лемье бокс кешінде жеңімпаз атанды

Иса Ақбербаев кәсіпқой бокста 20-шы рет жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы «Еуразия Барысында» Моңғолия балуандарын әупірімдеп жүріп әрең ұтты

Жақсылық Үшкемпіров пен Нұрсұлтан Назарбаев күш сынасты (видео)

Талқылау