Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Этникалық қазақ Ёлка Кадербек дзюдодан Моңғолия біріншілігінде топ жарды

МоңғолияФото:МОК

Моңғолияда дүниеге келген қазақ балуаны Ёлка Кадербек Ұлан-батырда өткен ел біріншілігінде топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ёлка Кадербек 66 келіде Моңғолияның үздік балуандарын тізе бүктіріп, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ ол чемпионаттың “Ең үздік” балуаны атанды.

Ол бұған дейін 60 келіде бақ сынап, 2023 жылы қола, 2024 жылы күміс жүлдеге қол жеткізген. 

Енді міне Ёлка Кадербек жаңа салмақта оқ бойы озып шықты.

2025 жылы Венгрия астанасы Будапеште өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлде еншілеген.

Үшінші орын үшін белдесуде Ёлка Кадербек Бразилия елінің өкілі Мишел Аугустоны үш шидо ескерту арқылы жеңіп, үздік үштікті түйіндеген. 

Айта кетейік, бұл – қандасымыздың алғашқы әлем чемпионаты. Осылайша ол Баян-Өлгий қазақтары арасынан шыққан дзюдодан әлем чемпионатының тұңғыш жүлдегері атанған.

Ёлка Кадербек 2024 жылы Токио да өткен Гранд-Слэм турнирінде жүлдеге бір табан қалған кезде сүрініп, 5-орынға тұрақтаған.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 27 Қаңтар, 2026 14:17