Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еті мен терісін заңсыз сатқаны көрінеді": Алматыда тұрғындар үй ауласынан бір қап итке ұқсас жануардың өлексесін тапты

Фото: Желі кадрларынан скрин

Алматыда тұрғындар үй ауласындағы қоқыс жәшігінен бір қап итке ұқсас жануарлардың өлекселерін тапқан. Олардың айтуынша, бұл ит еті мен терісін заңсыз сату үшін жасалған әрекет болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 9 наурыз күні Алатау ауданы, Көкорай көшесіндегі №45 үй жанындағы қоқыс контейнерінің аумағында болған. Тұрғындар қоқыс алаңындағы қаптарды көріп шошыған. 

“Табылған өлекселерге қарап жануарларға қатыгездікпен қастандық жасалғаны көрсетілген. Көптеген сұрақтар туындағандықтан, қазіргі сәтте нақты пікір айту қиын. Бірақ бір нәрсе анық, бұл – жануарларды қатыгездікпен өлтіру фактісі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңындағы ит етін және терісін заңсыз айналымға салу, ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзу белгілері байқалады. Құқық қорғау органдары мен басқа да тиісті ұйымдардың ресми пікірлерін күтеміз”, – делінген хабарламада. 

Желіге таралған бейнематериалдарда, жануарлардың терісі сыпырылған және ішкі органдарын алған болуы да мүмкін. 

Stan.kz тілшісі осы жағдайға байланысты Алматы әкімдігінен пікір сұрады. 

“10 наурызда жануарлардың өлекселері табылғаны туралы хабарлама бойынша Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының "Алматы ветеринарлық қызметі" ЖШС Қоғамдық үй жануарларын ұстау қызметінің бригадасы төмендегі мекен-жайға барды. Оқиға орнына келгенде анықталғандай, "Алматы ветеринарлық қызметі" ЖШС қызметкерлерінен бөлек, Алатау аудандық ІІБ криминалистикалық бөлімінің қызметкерлері және жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдері де қатысқан. Оқиға орнын тексеру барысында жануарлар денелері сөмкелерге оралған күйде табылды. Сыртқы белгілері бойынша табылған өлекселер иттерге немесе басқа жыртқыш жануарларға тиесілі болуы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша, кейбір денелер жабайы жануарларға (қасқыр, шакал немесе түлкі) болуы мүмкін”, – деді әкімдік. 



Ведомство сонымен қатар қазір осы жағдайға қатысты тиісті шаралар қолданылып жатқанын алға тартты. 

“Табылған жануарлардың өлекселері "Алматы ветеринарлық қызметі" ЖШС-нің уақытша ұстау пунктіне жеткізіліп, морфологиялық және лабораториялық зерттеулерге алынды. Кейін қаладағы мал-жануарларды жерлеу/утилизациялау орны бекітілген тәртіппен жойылады. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 316-бабына сәйкес, жануарларға қатыгездік жасау мәселелері ішкі істер органдарының құзыретіне жатады. Сондықтан барлық материалдар Алматы қаласы, Алатау ауданы Ішкі істер басқармасына тапсырылды. Қазіргі уақытта оқиға жағдайлары құқық қорғау органының өкілімен тексеріліп жатыр”, – деп қосты әкімдік.

STAN.KZ
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 16:22