Еспанов Абай Бегейдің 500 қонағын тыңдата алмай ұятқа қалды
Күні кеше қазақ өнерінің майталмандары Маңғыстау өңірінде бас қосқан болатын. Жұлдыздардың жанына жиып, Ақтауда дүбірлі той өткізген Абай Бегей тұңғыш қызын ұзатып, қайын ата атанған жайы бар.
Әншінің қуанышына ортақтасып қайтқан танымалдар тойда орын алған қызықтар туралы Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.
Алғашқыда тойды тізгіндеу Тұрсынбек Қабатовқа жүктелгенімен, дәл сол күні танымал әзілкеш бұл кеште бой көрсетпеген. Алайда, Абай мырза тығырықтан шығар жолды таба біліпті.
Сол сәтте-ақ, шақырылған меймандардың тізімінде болған Нұрлан Еспанов аяқ астынан асабаның қызметін атқарған. Бірақ, қаумалаған жұрт тосыннан тағайындалған тамадаға бағына қоймаған көрінеді.
«Бұл тойдың ең қызық жері 500-ге жуық адам болды. Бүкіл Батыс елі жүргендей болып көрінді. Бір кезде әрбір әншіні топ-топ болып бөліп алып, фотоға түсіп жатыр.
Ал, асаба болып жүрген Нұрлан Еспанов айғайлап жүр «ортаны босатыңыздар» деп . Ақ орамал байлаған әжелер, ақ сақалды аталар бой берер емес», – дейді тойдағы орын алған қызықтар жайлы Майра Ілиясова.
Бірақ, сол күні тойда болған қонақтардың сөзіне сенсек «қыз ұзату» жоғары деңгейде өтті деп отыр. Айта кетейік Абайдың төрт перзенті бар. Қалыңдық атанған Ерке қыз әншінің тұңғышы.
Естеріңізге сала кетсек, Бегейдің өмірлік жұбайы осыдан бір жарым жыл бұрын бақилық болған еді. Әншінің жүрек жарасын жазу мақсатында қазақ өнері өкілдерінің басым көпшілігі қуанышты күнде өнер иесінің қасында болғандарын айтады.
«Асыл жары аяқ астынан дүниеден озып, соңғы бір жарым жылдың ішінде Абай Бегей қатты бір есеңгіреп қалғандай болды. Бірақ жұмысы, қасындағы достары, туған-туыстары барлығы қолдап сол бір қайғыны ұмыттырғандай болды ғой.
Жары өмірден озғаннан кейін, менде бір үлкен апаларының бірі болып барайыншы деп бардым. Сөйтіп кеше біз Абайдың қуанышқа толы, сондай бір бақытты жүзін көріп қайттық.
Әрбір тост айтқанда Абайдың көзіне жас келіп, көңілі қатты босап жүрді. Жары ойына жиі-жиі түсіп тұрды ғой деймін. Жанында тұрмағанына. Әрине өзінің жалғыз тұрғанына біздің де жүрегіміз ауырып қалды», – дейді Майра Ілиясова.
Ал, дүбірлі тойдағы меймандардың бірі Асхат Тарғын, Абайдың адамгершілігіне жоғары бағасын беріп отыр. Аз уақыттың ішінде қазақ өнерінде өзіндік орынын қалыптастырып үлгерген Бегейдің, әріптестері арасында беделді екенін айтады.
«Әбекең өзі ақкөңіл жігіт қой. Азамат жігіт. Алматыда өнер жұлдыздарының арасында беделі өте жоғары жігіт. Қазақ өнеріндегі өкілдердің 90 пайызы тойға қатысты. Әбекеңнің кішкене көңілі босап, енді жеңгеміз көре алмай кетті ғой. Бірақ, тойды керемет өткізіп, Абай ағамыздың Ерке қызын шығарып салдық», – дейді әнші Асхат Тарғынов.
Оқи отырыңыз:
Гүлзира ханым келіні Жұлдыздың бір сұхбаттын 50 мың АҚШ долларына сатпақшы
Мұқасан Шахзадаев Төреғалиға: Халық мақтап жатыр екен деп бетімен кетуге болмайды (видео)
Сәдуақасовадан Смағұловаға: Әнші Мәдина тегін өзгертуге бел буды
Кенжебек Жанәбілов: “Музарт” деген кезде көлеңкеде қалғандай сезінемін
Алтынай Жорабаева экс-күйеуі Әбдіхалықовтың қыздарын іздемейтінін айтты