"Ескі жіпті алды": Алтынай Жорабаева жиі блефаропластикаға жүгінетінін айтты
Фото: Видеодан скриншот
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева көзі мен қабағын өзгерткенін мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі осыдан сегіз жыл бұрын блефаропластика жасатқанын көрсетті.
“Екінші көзді де аяқтадық. Ескі жіпті алып, жаңа жіп салды. 2-3 күндей іседі. Сосын ісігі басылады. Тіпті де ауырмайды. Әңгіме айтып отырып, жасап тастадық. Көзімді жасатып алып, жұмысқа шығып барамын. Көздің үстін кеспейді тек жіпті тігеді. Таңертең ұйқыдан тұрғанда ғана іседі. Көздеріңізді әдемілеп алсаңыздар болады”, – деді әнші.
Айта кетейік, әншінің қатты салмақ тастағына да қызу талқыға түскен еді. Өнер иесінің сөзінше, ешқандай ота жасамастан 35 келі салмақ тастаған.
“Тек диетамен салмақ тастадым десем, ешкім сенбейді. Тіпті ойларынан шығарып, мен жасамаған дүниені жасады деп айтып, жазып жатқандарды көріп жағамды ұстап отырмын “, – деп жазды эстрада жұлдызы.
Бірақ желі қолданушылары ол ақпаратта сенбей түрлі пікір жазды.
“Жамбасына ота жасаған”, “Толық болып жүргенде аяғы ауыр екені білінбейтін ”, “Қатты семіз болып кеткен еді”, “Аш жүрсең, сен де арықтайсың”, “2 миллион теңге тұратын ота бар, соны жасатқан шығар” – деп жазды көпшілік.

"Желке сүйегін алып тастады": Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлаған
