Ескі жүк көлігі заманауи СПА-салонға айналды (фото)
Ескі жүк көлігі заманауи СПА-салонға айналды. Осы арқылы үй-күйсіз жүрген, кедей адамдарға көмек көрсетілмек.
Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.
Әрине, қаңғырып жүрген адамдар үшін “тамақ” пен “гигиена тазалығы” өте қажет. Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі суға қол жеткізе алмай отырғандықтан, соңғы фактордың маңызы өте зор.
Осындай жағдайларды ескерген АҚШ-тың Миссури штатында тұратын ер адам кез-келген ерік білдіруші тегін шомылып кете алатын орын жасап шығарды.
Бастапқыда Джейк Остин 5 мың долларға ескі жүк көлігін сатып алған. Сосын ол оның ішіне 2 душ кабинасын және екі қол жуғыш орнатады. Кейін ер адам су құбырын жүргізіп, жайлы ете түскен.
Ер адам кабинада әрдайым таза сүлгілер болуын қадағалайды.
Талқылау