Ескендір мен жары Дарико Хасанғалиевтер жансақтау бөлімінде жатыр
Қазақстанның халық әртісі, әншi-композитор Ескендір Хасанғалиев коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкесі мен анасының ауруханада жатқанын ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram парақшасында жазды.
Біржан Хасанғалиевтің айтуынша, халық әртісі 4-5 күннен бері жарымен жансақтау бөлімінде жатыр.
"Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер айтқан "жағдайы тұрақты" деген сөзі көп үміт және сенім береді", - деді Біржан Хасанғалиев.
Айта кетейік, 10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"