"Есірткі сататын адамдармен таныстырды": Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Кенталды кездестіргеніне өкінеді
Болат Назарбаевтың экс-тоқалы Динара Әлжан әнші Кенталды есірткіге тәуелділігіне себепкер болды деп айтыптады. “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында ол әріптесімен ара қатынасының не себепті бұзылғанын ашып айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Динара Әлжан басына іс түсіп, үйсіз қалғанда өнердегі әріптесі Кенталға да қаражат сұрап хабарласқан.
“Кенталға хабарласып едім: “Көмектесе алмаймын” деді. Ол менен 20 мың доллар көлемінде қарызға ақша алған болатын. Сол ақшаны сұрап едім, “Менде қазір ақша жоқ, басымды кесіп аласың ба?” деді. Сөйтіп одан бір кездері қарызға берген ақшамды адамгершілікпен қайтаруын сұрадым. Бір жарым сағаттан кейін ақшамды әкеліп, бетіме шашып кетті. Сол кезде “Бар жазығым, ақша керек кезде көмектескенім бе?” деген ойға қалдым. Болған жағдайдан кейін Кенталмен мүлдем арақатынасымызды үздім”, – дейді Динара Әлжан.
Сондай-ақ әнші бір кездері түзу жолдан адасуына, есірткі сынды лас тірлікке Кенталдың қандай қатысы барын айтып қалды.
“Кентал мені есірткі сатқан адамдармен таныстырды. Сонда мен есірткіге тәуелді болдым. Кенталдың өзі есірткі қабылдамайтын. Кейде “Есірткі қабылдауыңды тоқтатпасаң, мен сенімен араласпаймын” деп ескертетін. Сонда мен: “Олай болса, мені неге олармен таныстырдың?” дейтінмін. Кентал менің қызыма жақсы қарап, бірге қыдыратын. Қазір де іс-шараларда қызым Кенталды кездестіріп қалса, таниды”, – деді ол.
Бағдарлама жүргізушісінің: “Өмірге қайта келіп, бәрін басынан бастайтын мүмкіндігіңіз болса, қандай қателікке бой алдырмайтын едіңіз?” деген сауалына Динара: “Кенталмен кездескенімізді қаламас едім. Мүлдем өмірде араласпайтын да, көрмейтін де едім.
Бұған дейін Динара Әлжан белгілі әнші Қайрат Нұртасқа да өкпесі қара қазандай екенін жеткізген болатын.