Есімін құпия сақтаған азамат құлағы бетіне біткен Шымкенттегі балаға көмектесетін болды
Есімін құпияда сақтаған меценат, туа біткен құлақ ауыз кемістігі бар бүлдіршінді Алматыға апарып толық тексертуге дайын. Қайырымды жан Нышанбекке ота жасату қажет болса, шығынды толық көтермек.
Бұл туралы ТВК арнасы хабарлайды.
ТВК телеарнасында шыққан бейнематериалдан кейін, отбасына көмек қолын созып жатқан азаматтар қатарыда көбейген. Бүгінде жас отбасы жолға дайындалуда. Жуырда арманым орындалады деп үміттенген ана, барлық қазақстандықтарға алғысын жеткізді.
“Бізге алматыдан азамат хабарласып, баламды Алматыға апарып тексереміз деді. Барлығы хабарласып, қолдарынан келгенше хабарласып жатыр. Рахмет барлықтарыңызға.қазақ жұртшылығына рахмет”, – дейді Нышанбектің анасы Әйгерім Әлімбаева.
Естеріңңізге сала кетсек, бұған дейін туа біткен құлақ ауыз кемістігі бар бүлдіршіннің анасы қайырымды жандардан көмек сұраған еді.
Оқи отырыңыз:
Аслан Мусин ұлының қазасынан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады
Тойда есіріп билеген жігіт пен қыз желі қолданушыларын ашуландырды (видео)
Елорда тұрғындары мешіт маңында дәрет сындыратын автобус жүргізушілеріне шағымданды