Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есікте қыз зорлады деп айыпталған жігіттер жазадан сытылып кетуі мүмкін

Алматы облысында топтасып қыз зорлаған 4 жігіттің ісі қайта тергелетін болды. Үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетіп, 5 күн ойланған судьяның шешімі осындай. Бұл туралы КТК хабарлайды.

1212121

Енді онсыз да сағызша созылған сот отырысы қайта жалғасады. Яғни судья сан мәрте сұралған сарапшылардың пікірін тағы бір тыңдап көруді жөн санапты. Ал бұған дейінгі отырыста прокурор төрт айыпталушының әрқайсысына 11 жылдан сұраған болатын.

Есік қаласындағы аудандық сот ғимаратында кеш қарайса да қызу жұмыс қайнап жатыр. Өйткені топтасып қыз зорлаған төрт жігітке үкім оқылады дегенді естіп, қос тараптың та туыстары тайлы-тұяғы қалмай жиналған. Алайда кешкі сағат 5-те басталуы тиіс сот отырысы талайдың жүйкесін тоздырды. Өйткені үш сағат бойы тар бөлмеге тығылғандар судьяны күтіп әбден діңкелеген. Сот та келе сала ешкім күтпеген шешім шығарып, жиналғандарды таң қалдырды.

“Сот зерттеу жасаған сарапшылардан қайта жауап алу үшін сот тергеуін жалғастыру туралы ұйғарым жасады. Келесі отырыс 18-ші қарашаға белгіленсін”, – деді судья Ерлан Баймолдинов.

Жәбірленуші Жібек Мусинова да бүгін сотқа соңғы нүкте қойылып, өзін қорлағандар әділ жазасын алады деп ойлаған. Енді тергеудің жалғасатынын естіп, көңілі күпті болып тұр.

“Айтарға сөзім жоқ. Бүгін үкім шығады деп ойлағам. Бірақ болмады. Не үшін бұлай болғаны түсініксіз”, – деді жәбірленуші Жібек Мусинова.

Мұндай шешімді жәбірленушінің адвокаты да түсінбей отыр. Айман Омарова тіпті, сотқа біреулер қысым жасауы да мүмкін екенін жасырмайды.

“Біздің ойымызша, қысым жасалып жатыр. Неге десеңіз сот үкім шығаруға кеткен кезде көбінесе үкіммен келуі керек. Не ақтау, не соттау”, – деді Жібек Мусинованың адвокаты Айман Омарова.

Жібек Мусинованың зорланғанын анасы әлеуметтік желіде жайып салған еді. Қылмыс аудандық Ішкі істер бөлімінің алдында болған. Иектерінің астында болған жәйттен бейхабар сақшылардың төртеуі жұмыстан қуылды. Қыз зорлады деген күдіктілер де көпке ұзамай ұсталған болатын. Прокурорлар қазір қамауда отырған Алмас пен Ербол Ермековтар, Асхат Бектұрсын және Нұрбол Елтайды 11 жылға соттауды сұрап отыр.

Оқи отырыңыз:

Баласын ұрған атышулы видеодағы әйел полицейлерден жасырынып жүр

Астанада ЭКСПО көрмесінің ғимараты опырылып түсті (видео)

Үш жасар Айлиннің анасы сот отырысында жылап, күйеуін кінәлады

Қытайда той қонақтары жас жұбайларды елдің көзінше секспен айналысуға мәжбүрледі (видео)

Талқылау