Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешжерде жарияламадық": Тәуекел Мүсілім үшінші рет әке атанбақ

Қазақ кино саласының жарық жұлдызы Тәуекел Мүсілім жақында үшінші рет әке атанбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі сүйінші жаңалығын Динара Сәтжанның Late night show бағдарламасында жария етті. Аталған бағдарламаға Тәуекел Мүсілім әйелі Махаббат Мүсіліммен бірге қонақ болды.

"Әйелім күнделікті уақытымның 70 пайызы балаларға кетеді деп шағымданып жүрген. Жақында 100 пайыз уақытын балаларымызға арнайтын болады. Себебі біз үшінші сәбиімізді күтіп жүрміз. Бұл жаңалықты әлі еш жерде жарияламадық. Сондықтан Динара Сәтжанның бағдарламасындағы эксклюзив жаңалық деп айтуға болатын шығар. Бірақ әлі ұл немесе қыз екенін білмейміз", – деді актер. 


 


Сондай-ақ, жұлдызды жұптың бағдарламаға орысша сұхбат бергені көпшілікке ұнамады. Желі қолданушылары құттықтаудың орнына, ана тілінде сөйлемегендерін сынады. 

“Үш қазақ отырып орысша сөйлесіп отыр!", "Қазақ қазақпен орысша сөйлеседі. Орысша сөйлесу сәннен кетіп барады, біздікі сол құлдық санадан арыла алмай келеміз", "Неге қазақ пен қазақ орысша сөйлеседі? Сендерді қазақтан басқа кім қарайды? "Ана тілін құрметтемей үш қазақ, шүңгірлеп отыр ғой", "Бәрің қазақсыңдар, неге орысша сөйлесіп отырсыңдар", – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, "Сол баяғы жемқорлық" деп Тәуекел Мүсілім Париж Олимпиадасына қатысты пікір білдірген еді. 

Талқылау