Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ешкіммен қоштаспаймын": Арыстанбек Мұхамедиұлы министр қызметінен кетуі туралы айтты

Мәдениет және спорт минитсрлігінен кеткен Арыстанбек Мұхамедиұлы қоштасу хатын жазып, жаңа министрге сәттілік тіледі. 

"Достарым, бүгіннен бастап Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі қызметіне Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы келді. Министрлік жұмысының қыр-сырына қанық, менің орынбасарым болып талай жыл бірге қызмет атқарған бірегей маман, қайырымды адам ретінде білемін", - деп жазды экс-министр парақшасында. 

Министр жаңа министрдің осы саланың қыр-сырын меңгерген білікті маман екенін атады. Ақтоты Рахметоллақызын жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі. 

"Сала басшылығында бұрыннан жұмыс істеп, жақын жүрген адам қалғанына ұжым да қуанышты. Ақтоты Рахметоллақызы алға қойған мақсаттарды әдеттегідей табысты орындайды деп сенемін! 

Ақтоты Рахметоллақызы, сізді Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтап, еңбекте табыс тілеймін!

Иә, достарым, бүгін министр ретінде атқарған қызметімнің нәтижелеріне есеп беретін сәт туды. Мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігін 2014 жылдың тамыз айынан бастап басқардым. Мені ұжымға таныстырған күн әлі есімде, шығармашыл, ақылды, көздерінде от бар мамандар біртіндеп ашыла бастағаны да есімде. Осы жылдар ішінде министрліктің әр қызметкерімен жақын дос болып кеттік. Командамызбен бірлесе талай жұмыс атқардық. Әрқайсыңызға еңбектеріңіз үшін алғысым зор! Сіздердей адамдармен бірлесе жұмыс істеп, шамам келгенше пайдамды тигізгенім үшін тағдырыма ризамын!

Жаңа министр Ақтоты Райымқұлова бастамалардың бәрін жалғастыратынына, министрліктің жұмысы қарқынды және жоғары нәтижелі қалпында болатынына сенімдімін. Шынайы көңілмен қабыл алыңыздар, достарым! Ешкіммен қоштаспаймын - сіздерге деген достық көңілде қала беремін", - деді Мұхамедиұлы.

Бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлының қызметінен кетіп, жаңа мәдениет және спорт министрі тағайындалғанын хабарлаған едік.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр