"Ешкімге көрсетпей жылап алдық": Дастан Оразбеков "Орда" тобының соңғы концертіндегі әсерін бөлісті
Танымал әнші Дастан Оразбеков “Орда” тобының соңғы концертін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/ordatoby/
Айта кетейік, 25 жылдық тарихы бар өнерлі топ карьерасын аяқтаған еді.
“Алматыдағы концерт ерекше өтті. Тыңдармандардың көзінен қимастықты байқадық. 15 ақпан күнгі концертте шын жыладық. Біз сахнаға шықпастан бұрын, 40 секундтық деректі фильм көрсетілді. Осы күнге дейін топтың жүріп өткен 25 жылдық жолы көз алдымызға келді. Сол кезде көзімнен жас шығып кеткені рас. Ерболат екеуміз ешкімге көрсетпей жылап алдық. Қимастық сезім болды. Екі әннің арасында да көзіміз мөлтілдеп, толқып тұрдық. Көрерменнің қимастық эмоциясын сездік”, – деді әнші.
-
Астаналықтар "Орда" тобының концертіне билет сатып аламын деп алданып қалды
-
"Қоштасу кешін жоспарлап қойдық": "Орда" тобы тарайтынын мәлімдеді
Одан кейін жұлдызды топтың таралуына “Дастанның тікелей қатысы бар” деген қауесетке нүкте қойды.
“Жеке парақшамдағы бір жазбаның астына “Тұтас дәуір кетіп барады” деп жазып кетіпті. Негізі топтың тарауына менің тікелей қатысым бар. Өйткені топ пен жеке шығармашылығым сәйкес келмеді. Сол кезде Ерболатқа “мен топтан кетемін, өздерің әрі қарай жалғастыра беріңдер” дедім. Содан бастап топтың таралуына қатысты әңгімелер шыға бастады. Ерболаттың менен екі жас үлкендігі бар ғой, “Топты таратсақ, халықпен әдепті түрде қоштасайық” деп ақыл айтты”, – деді музыкант.
Еске салайық, "Орда" тобы кәсіпкер Тоқтар Төлешовпен қалай байланысты үзгендерін айтып берген еді.