"Ешкім тыңдамайды": Илон Маск "Азаттық Радиосы" мен "Америка дауысын" жабуға шақырды
Америкалық миллиардер Илон Маск АҚШ қаржыландыратын "Азаттық Радиосы" мен "Америка дауысы" радиостанцияларын жабуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Alain Jocard/AFP
АҚШ-тың мемлекеттік басқарудың тиімділігі жөніндегі департаментінің (DOGE) басшысы Илон Масктің айтуынша, қазір "Азаттық Радиосы" мен "Америка дауысы" радиостанцияларын ешкім тыңдамайды.
“Иә, оларды жабу керек. Оларды ешкім тыңдамайды. Еуропа енді еркін (бюрократияны айтпағанда). Олар жай ғана өз-өзімен сөйлесіп, америкалық салық төлеушілердің қорынан жылына 1 миллиард доллар ысырап етіп отырған ессіз радикал солшылдар”, – деп жазды Илон Маск әлеуметтік желіде.
"Азаттық Радиосы" және "Америка дауысын" басқа да бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары сияқты, Америка Құрама Штаттарының үкіметі қаржыландырады және олар АҚШ-тың жаһандық БАҚ агенттігінің бақылауында.
Yes, shut them down.
— Elon Musk (@elonmusk) February 9, 2025
1. Europe is free now (not counting stifling bureaucracy). Hello??
2. Nobody listens to them anymore.
3. It’s just radical left crazy people talking to themselves while torching $1B/year of US taxpayer money. https://t.co/PnmN4erD91
Бұған дейін Илон Маск Жердің көп бөлігінің жойылады деген болжам жасаған еді.