Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешқандай күтуші мен көмекшіге қимадым": Жұлдыз Әбдікәрімова 10 жыл бойы бала тәрбиесімен айналысқанын айтты

Танымал актриса, кинопродюсер Жұлдыз Әбдікәрімова не себепті 10 жыл бойы үйде отырғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі араға ұзақ уақыт салып, ел алдына шыққан еді. Өткенге шегініс жасап, отбасылық өмірінен сыр шертті. 

“Мен 10 жыл ай қарап жүрген жоқпын. Ол менің өмірімдегі ана болу, балаларымның алғашқы тәй-тәй басуы, алғаш шүлдірлеп сөйлеуі деген маңызды кезең болды. Төрт баламды да ешқандай көмекші, күтушіге қимадым. Барлық сәттеріне өзім куә болғым келді", – деп жазды актриса. 



Еске салайық, актриса күйеуі Қайрат Нұртаспен бірге Ақтау қаласында мерейтойда болып, қызу талқыға түскен еді. 

“Ақтаудың атмосферасы, ауасы, кеші адамдары бәрі-бәрі ұнайды. Мына көзден не оқыдыңыз?! Жаза кетіңіз”, – деп жазды өнер иесі. 

Одан кейін Қайрат Нұртас әйелімен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Онда ерлі-зайыпты мерекелік шарада билеп жүргенін көруге болады. Бейнежазбада әнші келіншегін белінен құшақтап, бетінен сүйіп алған еді. 

Талқылау