Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешқандай кінәсі жоқ": "Хутор" бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың туыстары президентке үндеу жасады

Талғарда ұсталған Хасанның туыстары оның кінәсіз екенін айтып, президентке бейнеүндеу жариялады. Айтуларынша, Хасан Қасымбаев ешкімге зиян тигізбеген адам. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видео кадрларынан

Хасанның анасы мен жұбайы қылмыстық істі тергеу барысында объективтілікті талап етті.

“Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы сізге үндеу жариялаймын! Менің баламның ісін әділетті шешіп беруіңізді, өз қарамағыңызға алуыңызды сұраймын. Менің баламды жазықсыздан жазықсыз қаралап отыр. Ешқандай кінәсі жоқ, соны дәлелдеп берсін! Департамент басшыларынан жауап күтемін. Сол үшін осы жерге келіп отырмын! Жау шабатын болса, Хасан бірінші ұстап тұрады. Ел үшін, жер үшін...”, – деді Хасан Қасымбаевтың анасы. 

Бұдан соң оның жұбайы көзіне жас алып, күйеуін жақтады.

“Ол мал шаруашылығымен айналысады. Кішігірім бетон шығаратын зауыты бар. Ол туралы ақпарат жалған. Біреу айтты, қалғандарының бәрі соны қолдап тұр. Оны шынымен танитын адамдарға барыңыздар! Қандай адам екенін сұраңыздар! Біздің бірге тұрып жатқанымызға 15 жыл болды. Ол үш баланы тәрбиелеп отыр. Ал балаларына қалай психологиялық соққы тиіп жатыр?” – деді жұбайы. 



Еске салсақ, "Хутор" бандасының жетекшісі деген Хасан Қасымбаев ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Кейін оның Ережесіз жекпе-жек спортшысын аяусыз ұрып жатқан видеосы тарап, не үшін ұсталғаны белгілі болды.

Талқылау