Бір аптада құқық қорғау органдарының жұмысы туралы арнайы талдау дайындауы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берді

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйлеп, құқық қорғау органдарының жұмысында кемшіліктер бар екенін мойындады. Дегенмен жағдайды тым ауырлатудың қажеті жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қазақстанның қауіпсіз әрі заңға бағынатын ел болуға тиіс екенін атап өтті.
"Әрине, құқық қорғау мекемелерінің жұмысында ешқандай қате немесе жетіспеушілік жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ қара бұлтты төндірудің де қажеті жоқ. Бәріміз бір ел, бір халық болып Қазақстанымыз үшін қызмет етіп, табанды жұмыс істеуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ ұлттық парыз, азаматтық борыш. Қазақстан қауіпсіз, заң мен тәртіпке бағынатын ел болуы керек", – деді ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы ретте Тоқаев президент әкімшілігі мен қауіпсіздік кеңесі бір аптада құқық қорғау органдарының жұмысы туралы арнайы талдау дайындауы керек деген тапсырма берді.
"Барлық түйткілді ашық түрде көрсетеді, мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Бұл өте маңызды жұмыс, оны жалғастыру қажет. Түптеп келгенде, біздің басты бағдарымыз – айқын. Бұл – заң мен тәртіп қағидаты. Қызметтеріңізге табыс тілеймін!" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ішкі істер министрлігі алаяқтар жиі айтатын сөздерді атады
Тоқаев учаскелік полиция қызметкерлерінің еңбек өтілін 1 жылын 1,5 жыл деп есептеуді ұсынды
Еске салайық, күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтетінін жазған едік. Жиынға үкімет мүшелері, президент Әкімшілігі, бас прокуратура, ІІМ, қаржы мониторингі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктердің басшылары қатысатыны айтылды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"