Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ертең футболдан Қазақстан премьер лигасының жаңа маусымы басталады

Наурыз айының 1-2 күндері футболдан Қазақстан премьер лигасының жаңа маусымының 1-тур ойындары өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Биылғы маусымда Қазақстан премьер лигасында 14 команда өнер көрсетеді. Былтырғы маусымда жоғары дивизионда қалған 12 клуб және Бірінші лиганың жеңімпазы болған “Оқжетпес” пен вице-чемпиондар “Ұлытау” футбол командалары чемпионаттың көрігін қыздыратын болады.

Биылғы маусымда бекітілген жаңа ережелер бойынша командалар бас төрешінің кім екенін тек ойын күні бірақ білетін болады.

Чемпионатта жеңіске жеткен клуб келесі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде  өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Ал екінші және үшінші орын алған командалар Конференция лигасының іріктеуіне жолдама иеленетін болады.

Турнирлік кестеде соңғы орын алған үш команда маусым соңында ҚПЛ-мен қош айтысып, Бірінші лигаға төмендейді.

Олай болса, алғашқы турдағы ойын кестесі:

“Атырау” – “Елімай”

“Ордабасы” – “Ақтөбе”

“Тобыл” – “Ұлытау”

“Қайсар” – “Жеңіс”

“Тұран” – “Оқжетпес”

“Қызылжар” – “Жетісу”

“Астана” – “Қайрат”

Бұған дейін, Қазақстан футбол федерациясы жаңа маусымда Қазақстан премьер лигасының атауынан букмекерлік компания есімін алып тастайтынын айтқан еді.

Талқылау