Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ерте тұрып, анама көмектеспейсің": Қазақстандық әйелін ерте оятамын деп сотқа тартылды

Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотында әйелін ұрды деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Шиеліде әйелін ұйқысынан оятып, тыныштығыне бұзған ер адам сотқа тартылды. 

"Сотталушы Д жатын бөлмеде ұйықтап жатқан әйелі О-ға жақындап, оны оятып, ұрыс шығарған. "Ерте тұрмайсың, анама үй шаруасына көмектеспейсің” деп айқай шығарған. Осылайша ол физикалық ауыртпалық туғызғанымен, денсаулыққа жеңіл зиян келтірген жоқ", – деді сот.

Сотта ер адам өз әрекетін толығымен мойындап, әйелімен татуласуына байланысты істі қысқартуды сұрады. Жәбірленуші де осылай мәлімдеді.

"Сотталушы Д-ның әрекетінде Қылмыстық кодекстің 10-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар бар. Өлімге әкеп соқпаған қылмыстық құқықбұзушылық немесе онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласқан болса, қылмыстық жауаптылықтан босатыла алады", – делінген хабарламада.

Аудандық соттың қаулысымен сотталушы Д жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Талқылау