Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерте кетті: 21 жастағы Атырау аруы өмірден өтті 

19 маусым күні "Атырау ару-2015" атанған Гаухар Касаева өмірден өтті. 

Ерте кетті: 21 жастағы Атырау аруы өмірден өтті 

2018 жылы бойжеткенге іш құрылысының саркомасы диагнозы қойылды. Бұл туралы Гаухар желідегі оқырмандарына жазған еді.

2017 жылы арудың іші ауырып, мазалай бастайды. Тексеруден соң қатерлі дертпен ауыратыны анықталды. 

Ерте кетті: 21 жастағы Атырау аруы өмірден өтті 

Гаухарға екі ота жасалды. Жергілікті онкологтар қызды құтқарып қала алмады. Оған шетелде емделуге кеңес берді. Гаухар Оңтүстік Кореяда емделу үшін қаражат жинай бастады. Алайда бүгін демі үзілді.

Желі қолданушылары Гаухардың өлімін естіп есеңгіреп қалды.

"Дертімен күресетініне сеніп едім. Кеше ғана жазбаларын оқып шыққан едім", "Сондай жақсы, әдемі қыз. Өзін сабырлы ұстаушы еді", "Жақындарына мұңая көңіл айтамыз, жатқан жері жайлы болсын", "Небәрі 21 жыл ғана өмір сүрдің, біз сені ұмытпаймыз, жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды желідегі қолданушылары. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр