Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ернімнің барлық жерін кесіп тастады": Қазақстандықтар лицензиялары жоқ жалған косметологтардың қолынан қалай зардап шеккенін айтты

Шымкенттің төрт тұрғыны жыл басынан бері жалған косметологтардың қолынан зардап шеккен. Өздері қалаған нәтиженің орнына әйелдердің бетінде тыртық қалыпты. Енді олар денсаулықтарын түзеу үшін жұмысын дұрыс білмейтін мамандардың кесірінен миллиондаған қаражатын жұмсауға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айсұлу ернін үлкейтуді көптен бері армандаған. Осылайша интернеттен тапқан косметологқа жүгінген. Дәрігердің жұмысы жайлы да жақсы пікірлер болғанын айтады. Бірақ кушетканың үстінде жатқанда ару бірдеңенің дұрыс болмағанын түсінген. Ауырсынуды басатын дәрі мүлдем әсер етпепті. Ал ерінді үлкейтетін препаратты салған кезде нағыз азаптауға тап болғандай сезінген. Бірнеше күннен кейін ернінде ісік пайда болып, ауырсынған.

“Мен косметологқа жаздым. Ол препаратты сорып алу керек деді. Ернімнің барлық жерін кесіп тастады. Анестезиясыз сығып алды. Өте қатты ауырсыну болды. Берген ақшамды әрине маған қайтарып берді. Бірақ басымнан өткен бұл жайтты ешкімнің басына бермесін. Тіпті ешқайда шағымдана алмадым”, – дейді жәбірленуші. 

Мамандардың айтуынша, шағымдану керек. Әйтпесе, мұндай дәрігерлерді жазалау мүмкін болмайды. Шынында да, фармацевтикалық тексеру полицейлер немесе зардап шеккен клиенттер жүгінгеннен кейін ғана басталады. Жыл басынан бері Департаментке косметологиялық қызметтердің сапасыз көрсетілуіне қарсы төрт шағым түскен. Әйелдер қастардың пішінін өзгерткісі, блефаропластика жасағысы, бетіндегі дақтар мен сүйелдерді алып тастағысы келген. Бірақ соңында тігістері іріңдеп, тыртықтар пайда болған. Тексеруден кейін кейбір косметологтардың сертификаттары да, лицензиялары да жоқ екендігі белгілі болыпты. 

“Косметология бойынша мейірбике сертификаты жоқ мейірбике дерматокосметологтың бақылауынсыз өзі медициналық қызметтерді көрсетті. Оның лицензиясы да, сертификаты да жоқ еді. Ал өтініш беруші оған косметологиялық көмек көрсеткенін жазды. Сертификаттың жоқтығы үшін небәрі 15 мың теңге, лицензияның жоқтығы үшін 25 мың теңге салынады. Әйелдер тек сотта өтемақы ала алады, дейді адвокаттар. Ал қабілеті жоқ косметолог жауапқа тартылуы мүмкін”, – дейді Шымкент фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы Розия Абытова. 

“Кішкене ғана мерзім беріледі. Бір, екі, үш жыл. Мұндай жағдайлар туралы естігенмін. Сол үшін ең алдымен әрқашан келісім жасасуыңыз керек. Шартта клиника не істеу керектігін жазыңыз. Сонымен қатар, мен сізге айтайын, барлық әлемдік клиникалар келісімшарт жасайды. Процедураның салдары, тіпті осы операцияны жасайтын адамды қандай жауапкершілік күтетініне дейін жазады”, – дейді адвокат Евгений Яворский. 

Бірақ бізде келісімшарт жасаспайды. Сондықтан мамандар төлемді аударғаннан кейін чек талап етіңіз дейді. Сондай-ақ лицензия мен сертификаттың болуына назар аудару керек. Бұнымен қоса күдікті мамандарға және істеген жұмысының  тым төмен баға қоятын адамдарға бармаңыздар. 

Талқылау