Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдардың әкесі: Баламның атағы шыққан сайын қорқамын

Жуырда Ернар Айдар отандық бағдарламалардың бірі арқылы әке-шешесіне салып берген зәулім үйін көрсеткен болатын. Әкесі өз кезегінде баласының жетістіктері үшін қуанатынын айтып жатыр. Оның сақтығы үшін уайымдайтынын да жасырмады.

16789488_904441046259035_8586544707457253376_n

Бұл туралы «Басты рөлде» бағдарламасында айтылды.

«Баламыздың аты шығып жатыр ғой. Өзің қанша биікке көтерілген сайын ағайын-туысқа жақын бол деп үйретеміз. Жалпы тәрбием өте қатал. Әрине, міндетті түрде ақыл айтамыз. Әннің мағынасына қарайлап тұрамын. Балалардың телефонынан тыңдап, қатесі болса, хабарласып айтамыз. Қазіргі жастарға ұнайтын немесе ұнамайтын тұстарын өздері айтып түсіндіреді. Баламның жетістіктері үшін қуанамын, бірақ  мақтанбаймын. Әлі мақтануға ерте деп ойлаймын. Шығармашылығы енді басталып жатыр. Балаңның атағы шыққан сайын қорқып отырасың. Ұшаққа мінген сайын тақымыңды қысып отырасың. «Ертең былай жүремін. Бүгін кешке концертім болады» деп айтып отырады. Бір жағынан қуаныш, екінші жағынан уайым болады екен», – дейді әншінің әкесі.

Ернар Айдар отбасындағы кенже ұл. Алдында үш ағасы мен өзінен кейін бір қарындасы бар. Ол ата-анасына әлі күнге дейін еркелейді екен.

«Ата-анам барда шексіз еркелеп алғаным үшін Аллаға шүкіршілік айтамын. Мен үйдің кенжесі болып туғанмын. Бағыма орай алдымда үш ағам бар. Әкеме көп нәрсені айта алмаймын. Сол себепті анама көп еркелеймін. Ата-анаңды жетістіктеріңмен қуантып отырғың келеді ғой. Бір шетінен бос мақтана бергің де келмейді. Қазір өнеріме тікелей ата-анам араласып жатыр. Жүріс-тұрысыма, қандай әндер айтатыныма ерекше мән беріп отырады. Тіпті, қалай сөйлейтініме дейін әкем қадағалап отырады. Бақыт деген – ата-анам мен туған-туыстарымның қасымда болуы. Тәуелсіз елде, бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Мен үшін осыдан асқан бақ жоқ», – дейді Ернар Айдар.


Жіберіп алмаңыз:

Жеңіс Ысқақова өзінің шын есімін төлқұжат алатын кезде бірақ білген

Жеңіс Ысқақова марқұм Мәдина Ералиева туралы естелігін бөлісті

Танымал журналист Қытай жобасының отандық арнадан көрсетілуіне қарсы шықты

Димаш Қытайдың танымал телеарнасына сұхбат берді (видео)

Талқылау