Ернар Айдар жұбайының мамандығын білмей, ұятқа қалды
Бірнеше ай бұрын шаңырақ көтерген Ернар Айдар алғаш рет жары Мадина туралы ағынан жарылып сұхбат берді. Ол жұбайының өзіне ұнайтын қасиеттері туралы айтты. Алайда өзі таңдаған арудың мамандығын білмей, ұятқа қалды.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“1,5 жыл бұрын кездескенбіз. Мамандығын білмейді екенмін. Бірақ оқуындағы ұстаздарына көп-көп рахмет, түсініп, көмектесіп жатыр. Жарым бірнеше тілді біледі. Арабша, ағылшынша, орысша, қазақша. Өте байсалды, сабырлы. Мен өзім қызбамын, сондықтан сабырлылығы өте қатты ұнайды”, – дейді Ернар.
Ернар кейбір БАҚ құралдары жазған ақпаратты жоққа шығарды. Айтуынша, әйелі оның жанкүйері емес.
“Жарым менің әндерімді тыңдамайды емес, тыңдайды. Тек қана менің емес, қазақ эстрадасындағы әншілерді тыңдайды. Бірақ менің жанкүйерім деп асыра сілтеп айтып жіберген. Тек кездестік, ол да мені қаратып алайын деп өліп тұрған жоқ, салмақты. Өзі де шыққанды ұнатпайды. Суретке түсіріп, инстаграмға салайын ба әлде сұхбат берейік пе деп айтамын, өзі ұнатпайды. Өзінің қалауы сол болғаннан кейін, мен де айтқанын істеймін”, – деп түсіндірді Ернар.
Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981
Жіберіп алмаңыз:
Жазира Байырбекова: Тұсау кескенге бір тиын да алмаймын
Жұлдыз Әбдікәрімова: Тағы он жылға жоқ боп кетейін бе?
Әнші Адэми отбасылы еркекпен қарым-қатынасы туралы ашық айтты