Ернар Айдар әйгілі брендтің киімдерін сатып алғанын көрсетіп мақтанды (фото)
Әнші Ернар Айдар әйгілі Dolce&Gabbana брендінің киімдерін сатып алғанын айтып мақтанды, деп хабарлайды Stan.kz.
Әнші Ернар Айдар Instagram желісіндегі парақшасында әйгілі Dolce&Gabbana брендінің дүкенінің алдында түскен суретін жариялады. Суреттен байқалғандай, әншінің қолында аталған дүкеннің бірнеше пакеті бар.
«Алматыға бір-екі күнге келетін болып кеттік қой. Алматыдағы жұмыстар да жиналып қалыпты. Біразын бітірдім. Жаңа киімдер алғаныма қуаныштымын», – деп жазды әнші.
Өз кезегінде желі қолданушылары әншіге қымбат киімдерін игілігіне киюін тілесті. Десе де кейбірі әншіні «мақтаншақ» деп сынап жатты.
Оқи отырыңыз:
Жазира Байырбекова сұлулығының құпиясын ашып, бетін қалай күтетінін айтып берді
Жазира Байырбекова: Әлі де ана болатынымды ішім сезеді
Ринат Зайытов: Келесі президент әнші болатын шығар
Ринат Зайытов: Тоқалды бірінші әйелімен ажыраспай алса, ол – ерлік