Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлі-зайыптылардың опасыздығы. Қай елде қандай жаза қолданылды?

«Өмірлік серік боламыз» деп антсу ішкенен кейін, түзу жолдан тайып, шаңырақтарын шайқалтып жататын жандар, өкінішке орай, жоқ емес. Бүгінде екінің бірі ажырасып жатқанымен, бұрынғы уақытта мұндайға жол берілмеген. Ажырасу – өте ұятты қадам болып есептелген. Азаматтардың некесін бұзбауы үшін, тіпті кейбір елдерде ерлі-зайыптыларды опасыздығы үшін қатаң жазалаған. Ендеше, қай елде қандай жаза қолданылғанын қарап көрелік.

rqB56XcfONI

Бұл туралы “Ана бол” басылымында жазылды.

Жазаның ауырлығы жағынан Папуа Республикасы көш бастап тұр деуге болады. Алданған еркек әйелінің көңілдесінің басын алуға рұқсат берілген. Ал әйелді өлтірмеген, бірақ көңілдесінің басын алмас бұрын опасыздық жасаған әйелдің саусағын шайнатады екен.

– АҚШ-тың он штатында опасыздық жасаған ерлі-зайыптыларды түрмеге жабады. Мысалы, Миннесота штатында әйел мен еркекті де 5 жылға түрмеге жауып, 1000 $ айыппұл төлетеді.

– Вавилонда опасыздық жасағандарды тұншықтырып өлтірген.

– Орта ассириялықтарда әйелінің опасыздығының үстінен түскен еркек екеуін де сол жерде өлтіруге құқылы екен.

– Қазіргі Түркияда 1996 жылы қабылданған заңға сай осындай опасыздық үшін 5 жылға түрмеге тоғытылады.

– Ал Сауд Арабияда көңілдесінің құшағында болған әйелді шариғатқа сай әлі күнге дейін ел алдында таспен атады. Бұл жаза түрі Иран, Мавритания, БАЭ, Судан мен Нигерияда (ислам елдерінде) да осындай. Таспен ату – тек некеде тұрған әйел адамдарға қолданылатын жаза. Ал опасыздық жасаған еркектерді көптің алдында масқаралап, ұлятады.

– Жоғарыда айтылғандардың сыртында Иранда 1990 жылдан бері заң бойынша күйеуіне опасыздық жасаған әйелдерге тағы бір қатаң жаза тағайындалған. Бұл заңға сәйкес опасыздық жасаған әйелді бір туысы (ер адам, күйеуі болуы міндетті емес) ешқандай сотсыз-ақ өлтіруге құқылы.

283-1476213218-e6434e6dc8

– Пәкістанда шариғатқа сай опасыздық жасаған әйелді дарға асуға болады.

– Ауғанстанда тура жолдан тайған әйелдерді ел алдында масқаралаудан бастап, 10 жыл түрмеге де жабады.

– Ал Индонезияда 15 жылға түрмеге тоғытады екен.

– Германияда бұрынғы кездері опасыздық жасаған ерлі-зайыптылардың аяқ-қолын кесіп жазалаған екен. Кейбір мәліметтерде ақсүйектер арасында опасыздыққа барған әйелді қамауда ұстаған делінген.

– XV-XVI ғасырларда Еуропада опасыздық жасаған әйелді өмір бойына шіркеуде қалдырған екен. Сондай-ақ мұрнын, құлағы мен ернін кесіп, жазалаған көрінеді.

– Кейбір африкалық тайпаларда опасыздық жасаған әйелдің жатырын алып тастаған екен.

– Қазіргі Қытайдың Гуандун өлкесінде некесіз жыныстық қатынасқа тиім салынған. Опасыздық жасаған ерлі-зайыптыларды 2 жылға түрмеге жауып, мүлкінің тең жартысын тәркілейді.


Жіберіп алмаңыз:

Қытайдың ең бай адамының ұлы әкесінің бизнес-империясын басқарудан бас тартты

«Әлемдегі ең сұрықсыз қыз» көңілге тиерлік сөз айтқандарға қарсы шықты

Оқушы жігіттер мұғаліміне өздерінің ұрығы қосылған бәліш берген

Пластиканың әлемдегі ең танымал құрбаны Джоселин көңілдесіне қайшы сұғып өлтірмек болды (фото)

Талқылау