Ерлі-зайыпты коронавирус жұқтырудан қорқып төрт жыл бойы балаларын үйден шығармай қамап ұстаған
Фото: Daily Mail
Испанияда ерлі-зайыптылар төрт жыл бойы үш баласын коронавирус жұқтырады деген қорқынышпен үйнен шығармай қамауда ұстаған. Ата-ана бұл әрекеті үшін қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап хабарайды.
Германиялық Кристиан Испанияның Овьедо қаласына жұбайымен 2021 жылы көшіп келген.
"Тұрғын үйдің айналасы әрқашан жабық болған. Көпбалалы отбасына азық-түлікті курьерлер әкеліп отырған. Бір күні көршілерінің бірі полицияға хабарласып, бұл үйдің тұрғындарын тексеруді өтінген. Содан кейін бұл отбасыға бақылау орнатылды", - деп жазады басылым.
Полиция отбасына тексеріспен келгенде, үй иелері оларға медициналық бетперде киіп және қашықтықты сақтаған жағдайда ғана үйге кіргізетінін айтқан. Отбасы басшысы үйде бірнеше жыл бойы далаға шықпаған балалар бар екенін айтқан.
"Белгілі болғандай, жасына қарамастан, барлық балалар арнайы жөргекпен (памперс) жүрді. Ал оларды сыртқа шығарғанда, олар абдырап көгалдарға қарап, содан кейін шөпті сипай бастады", – делінген жазбада.
2021 жылдан бастап балалар әлемнен оқшауланған. Өйткені олардың ата-аналары коронавирус жұқтырудан қорққан. Осы уақыт ішінде олар мектепке бармай, толық антисанитарияда өмір сүрген. Тіпті оларда дәретханаға барудың қатаң кестесі болған. Көп уақыт олар жөргекпен жүрген. Оларға үйден шығуға да рұқсат етілмеген.
Қазіргі уақытта балалар қамқоршылық органдарының қарауында. Олармен дәрігерлер мен психологтар жұмыс істейді. Олардың ата-аналарына қатыгездік, кәмелетке толмағандарды қамқорлықсыз қалдыру және негізгі құқықтарды бұзғаны үшін айып тағу жоспарлануда.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
