Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ерлі-зайыпты бірге жұмыс істеген": Құлсарыдағы жанармай құю бекетіндегі жарылыстан қаза болғандар туралы ақпарат белгілі болды

Видеодан скриншот

Атырау облысының Құлсары қаласындағы жанармай құю бекетінде болған жарылыстан мерт болғандарға қатысты мәліметтер белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Жарылыстан қаза тапқандар – ерлі-зайыпты. Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.

“Жарылыс болған кезде 43 жастағы ер адам цистерна ішінде болған. Оның 40 жастағы әйелі сол кезде жанармай құю бекетінің ғимаратында болған. Екеуі де сол жерде көз жұмды”, – деп мәлімдеді Atyrauoil.news парақшасы.


Ішінде 4 бала бар: Құлсарыдағы жанармай құю бекетіндегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды


Өрт сағат 21:47-де сөндірілді. Ал зардап шеккендер саны 16 адамға дейін өсті.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті, полиция және тергеу органдары жұмысты жалғастырып жатыр. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысының Құлсары қаласында орналасқан жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болып, 2 адам қаза тауып, 14 адам жараланғаны туралы жазған едік. 

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 31 Мамыр, 2025 09:32
Талқылау