Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хирург ересектердің өз еркімен сүндеттелу құпиясын ашты

Ересек адамның сүндеттелеуі күнде кезігетін жағдай емес. Десе де бұл рәсім кең танымалдыққа ие.

5a0aadf9d989284e874decd56d7f6aa6
ЭК тілшісі осы саланың маманымен сұхбаттасқан еді.

  – Маке, мүмкін оқырмандарға өзіңізді таныстырып өтесіз? Сіздің бұл ісіңіз заңсыз емес. Әрі өзіңізге де жарнама болар еді…

– Рахмет, қажеті жоқ. Басшылықтың көңіл-күйі құбылмалы, ал адамдар онсыз да көптеп келеді. Менің қызметім адамдар арасында ауыздан ауызға таралады.

Ересек адамдар не үшін сүндеттелуге келеді? Олардың мақсаты не?

– Біріншіден, сүндеттеу емес, шеткі мүшенің тороидальді пластикасы. Мен ештеңені де кеспеймін, мәселе осында. Мәселе, тәждік жүлгенің артына дөңгелек қалыптастыруда, ол еркектің мүшесінің диаметрін үлкейтеді. Халық арасында «ағзаның бұл мүшесіне сүйел шықса да жақсы» демей ме? Ал бұл рәсім мүшенің жалпақтығын 2 сантиметрге ұлғайтады.

– Ал клиенттер ше?

– Науқастың алдында көп таңдау жоқ. Егер ол фимозға шалдықса, ертелі-кеш бұл мәселені шешуі тиіс. Кейбіреулер балонопоститпен ауырғандықтан Израильге қоныс аударып жатыр. Ендеше мұқтаждық пен жанға жағымды нәрсені неге тоғыстырмасқа? Ал шынына келсек, бар мәселе еркектің қызығушылығында. «Былай жасап көрдім, енді басқа әдісті қолданайын» – деп ойлайды олар.

– Мына рәсімнен кейін олар разы бола ма?

– Алғашқыда – иә! Алайда уақыт өте келе бұрын дененің шеткі ұшымен жабылған шырышты қабық қаттылана түседі. Ол кезде еркек өзін бұрынғыдай «керемет» сезінбейді. Ал әйелдер қауымы жаңа өлшемге бірден үйреніп алғандықтан, одан бас тартқылары келмейді.

– Сізге әйел ретінде айтайын: мен еркектің шалбарының ішіндегі мүшесіне қарап емес, жауапкершілікті және қамқор болуына қарап, таңдайтын едім.  

– Сізге ерлерше жауап берейін: бәрі де сіздер үшін, құрметті ханымдар! Тек сіздер үшін!

Жіберіп алмаңыз: 

Мәскеу мүфтиі исламда қыздар да сүндеттелетінін айтты

ОҚО тұрғыны бала сүндеттеуді ұлының атына патенттеп алған

Британияда ер адам балаларын сүндетке отырғызудан бас тартқан әйелімен соттасты

Талқылау