Ерлан Орынбасаров: Баянның қиналғанын көріп, оны қалдырып кетуге қорықтым
Ерлан Орынбасаров серіктес болған кезде әйелі мен болашақ сәбиінің өмірлері үшін қатты қорыққанын айтады. Бірақ, өзге жігіттер айтып жүргендей жиіркеніш сезімі болмаған екен.
Сурет: Баян Нұрмышеваның жеке парақшасынан
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
Баян Нұрмышева бұл жолы сәбиін босанған кезде қатты қиналғанын айтады. “Негізі аралары жақын болған кезде жеңілдеу болады деп айтып жатады. Мен үшін бұл қайта алдыңғысынан күрделі, қиындау болып кетті” дейді әнші. Жұбайының қатты қиналғанын көрген Ерлан Орынбасаров та оның өмірі үшін қатты қорыққанын жеткізді.
“Баян екеуіміз әрдайым біргеміз. Сол себепті, босанған кезінде де қасында болуды жөн көрдім. “Менен алшақтау тұра тұр немесе қасымда бол деген секілді нәрселерді талқылап жүрген жоқпыз. Барлығы үйреншікті жағдай болып кеткен. Бір шетінен Баянның қатты қиналғанын көріп, өзін жеке қалдырып кетуден қорықтым. Сол сәтте Алладан тілеп, Құдайға жалындым. Ең бастысы, екеуінің өмірі аман-есен қалғанын қаладым. Өлім мен өмірдің арасында күресіп жатқандай болды. Назарәліде дәл бұлай қатты қиналмаған еді. Бұл жолы Баян қатты қиналды.
Өзім де қорқып кеттім. Ер азамат болған соң барлығына жігерлене қарайды екенсің. Тіпті, бір минутке де қасынан кетіп қалуға шыдамадым. Қазір Аллаға шүкіршілік етемін. Ал өзге жігіттер айтып жатқандай менде жиіркеніш сезімі мүлдем болмады. Баянды босандырып жатқан дәрігерлердің төртіншісі болып, медициналық қолғап киіп алдым. Айтқандарын орындап, қажет дүниелерін алып беріп тұрдым. Негізінен Баянның басын ұстап тұрдым десем де болады. Өзімді медицина университетінің практикантындай сезіндім”, – дейді Ерлан Орынбасаров.
Жіберіп алмаңыз:
Серік Ибрагимов перзентханадан шыққан сүйіктісін тосынсыймен күтіп алды (фото, видео)
Нұрлан Қоянбаев қазақ тілі туралы сәтсіз әзіл айтқан Мұсағалиевті қорғады
Мөлдір Әуелбекова: Ұлымды 2 жасына дейін омырау сүтімен өсіремін
Ерке Есмахан: Ұлымның камерадан қорықпайтынын көріп қатты таңқалдым