Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Орынбасаров әйелдері көп сөйлейтін еркектерге тиімді әдіс ұсынды (видео)

Әнші Ерлан Орынбасаров әйелдері көп сөйлеп, мазасын алатын еркектерге бұл тығырықтан шығудың жолын ұсынды. Әншінің айтуынша, ол үшін әйел затын косметологтың алдына алып барып, аузына дейін жауып тастайтын маска жағып қою керек, деп хабарлайды Stan.kz.

ерланчик баяша

Әнші желідегі парақшасына косметологтың кабинетінен видео жариялады. Онда Орынбасаровтың жұбайы Баян Нұрмышеваның беті тұтастай аппақ маскамен жабылған.

«Ассалаумағалейкүм, жігіттер! Біз косметологияға келдік. Үйде әйелдеріңіз сөйлеп, миларыңызды ашыта беретін болса, аузына дейін осылай маска жағып тастаңыздар. Сонда осылай сөйлемей күшті болады», – дейді Орынбасаров.

Мұны көрген желі қолданушылары күлкіге қарық болды.

Әнші Асхат Тарғын да сахналас әріптесін қолдайтынын жеткізді.

“Дұрыс Ереке, бірақ әйелдердің беттеріне маска киілмесін”, – деп пікір білдірді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар Мейрамбек Бесбаевқа домбыра сыйлап, өлең арнады (видео)

Ұялсақ етті! Майғазиев ана тілінде сөйлеспейтін қазақтарды сынап тастады (видео)

Алтынай Жорабаева 4 қызымен бірге Таиландқа аттанды

Әнші Айша әкесінің өмірден озғанын 10 жыл бойы білмеген

Талқылау