"Еркін жүретін әйелдерге қызықтым": Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдарын есіне алды
Фото: Подкастан скриншот
Танымал әнші Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдарын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі журналист Айкерім Есенәлінің подкастында қонақ болды.
“Бала күнімнен еркін өстім. Ата-анам мен екі ағамның ортасында еркелеп өстім. Үлкен өмірге қадам басқанда жаныңдағы адам сенің өміріңе билік құруға құқығы жоқ. Ата-анам үміт күтіп отырған кезде, олардың сенімін ақтауым керек. Өзіме ұнайтын өмірді сүргім келді. Үйдің терезесінен көшедегі әйелдерге қарап, қызыққан кезім де болды. Еркін жүретін әйелдерге қызықтым. “Қандай бақытты, еркін кетіп бара жатыр” деп ойладым. Сол сәттерді есіме түсіріп, осы өміріме шүкір айтамын. Шынында, еркіндікті қаладым”, – деді әнші.
-
"Мальдив, теңіз, қымбат қонақ үй": Отандық шоу-бизнес жұлдыздары жазғы демалысты қайда өткізді
-
"Бізді тонап кетті": Мальдивте демалып жүрген Балжан Бидаш жұртты күлдірді
Одан кейін тұрмысқа шығуға қатысты да сұраққа жауап берді.
“Қазір заң жүзінде “Қашан тұрмысқа шығасың?” деп сұрақ қоюға болмайды. Осы уақытқа дейін өзім де қатты ғашық болып көрмедім. Шын сүйе алмадым. Қазір ер-азаматтарға талап қоямын. Психологиялық жарақаты аз жігіт болса екен. Ата-енемен тұруды да уақытында көрерміз. Жігітке қоятын талабым көп емес. Оқыған, көзі ашық азамат болса, көргендігі болса араласуға болады. Өнерді сыйласа екен. Менің бірінші жанкүйерім болуы керек. Жасқа қатысты талап жоқ”, – деп жан сырын ақтарды эстрада жұлдызы.

"11-15 жастағылардың үлесі 2 есе артқан": Шылым шегетін жастардың санын азайту үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр
