Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еркін Нұржанов екеуіміз ойнадық": Бағлан Әбдірайымов казинодан 200 мың доллар ұтылып қалған

Бағлан Әбдірайымов казинодан 200 мың доллар ұтылып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Еркін Нұржанов екеуіміз ойнадықТанымал әнші ең алғаш казиноға деген құмарлығы қалай басталғаны туралы айтып берді. Алматыға енді келген "Жігіттер" квартетінің ішінде Еркін Нұржанов пен Бағлан Әбдірайымов жол мен аяқ киімге берілген ақшаны авттоматқа ойнап ұтылып қалады. Осы уақыттан бастап, Бағлан мырзаның бойында құмарлық пайда болған көрінеді. Ең алғашқы ұтылысым 21 мың теңге деп отыр әнші.

"Құмарлық әр адамның бойында бар нәрсе. Менде мақсат болмағаннан кейін осыған беріліп кеттім. Оған қоса, қаржылық сауатымыз да төмен болды. Біз Алматыға жаңадан келетін кезде, Орынбасар деген ағайымыз 21 мың теңгедей ақша берген. Біз ол ақшаны жолға беруіміз керек және төртеуімізге ақ туфли алуымыз керек. Сосын Еркін Нұржанов екеуіміз дүкеннің ішіндегі автоматты көріп, соған ойнап, ұтылып қалдық", - дейді Бағлан Әбдірайымов. 

Сонымен қатар, өнер иесі ең  көп қанша ақша ұтылып қалғанын жеткізген. Ондай мөлшердегі ақшаны қарызға алдым деп отыр әнші. Өзінің жиған-тергенінен де ештеңе қалмағанын жеткізді ол. Осылайша құмар ойынға белшесінен батып кеткенін айтып берді әнші. 

"Өмірімдегі ең ірі ұтылысым 200 мың доллардан асады. Қазір 35 жастамын ғой. 45 мың доллардай өзім үшін жинағанмын. Бірақ 200 мың долларды қолыма ұстап көрген емеспін. Қайдан алдың деге сұрақ туады ғой. Бәрін қарызға алдым. Аласың, ойнайсың, аласың, ойнайсың. Мұның барлығы 2 айдың ішінде болған нәрсе. Екі айдың ішінде осылай астаң-кестең болып кетті", - дейді Бағлан Әбдірайымов. 

Талқылау