Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркін Нұржанов алғаш рет ұл-қызын көрсетті (фото)

2016 жылдың көктемінде Еркін Нұржанов қызды болып, екінші рет әке атанған болатын. Жуырда әнші алғаш рет қызын көрсетті.

Нуржанов 130317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Еркін Нұржанов барша қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтады. Мұнымен қоймай, биылғы жылы қызы Саяның алғашқы көктемі екенін айтып өтті.

Айта кетейік, Еркіннің бір ұл, бір қызы бар. Әншінің тұңғышы Қайыр атасының қолында тәрбиеленуде.

кайыр еркінулы

Ал бүгін әнші өзінің туған қарындасы Жәнел Нұржанованы туған күнімен құттықтап, оған деген жүрекжарды лебізін жыр жолдарымен жеткізді.

Нуржанов Еркін 13032017

“Туған күнiңмен Жәнелiм
Жауқазын гүлiм-жан емiм.
Сұлулардан да сұлуым
Әдемiлерден әдемiм.
Бақшамда өсiп, жетiлiп,
Бүршiгiн жарған дәнегiм
Ақ жүректен деп қабылда
Ағатайыңның сәлемiн!” – дейді Еркін Нұржанов.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Қытайдың Чанша қаласында концерт берді (видео)

Қазақстандық жұлдыздар өздерін балағаттайтындарға қатысты пікір білдірді

Бет-аузы көгерген Қайрат Нұртас тыңдармандарын шошытты

Павлодарлықтар Қайрат Нұртастан қымбат тон дәмеленіп жүр

Талқылау