Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы бәсеке жаппай төбелеске ұласты

жанжалФото:Видеодан скрин

Ресейдің Грозный қаласында 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында еркін күрестен Солтүстік Кавказ федералдық округінің чемпионаты өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарыстың соңғы күні жанкүйерлер мен спортшылар арасында ірі жанжал туындады.

"ЧП Владикавказ" Telegram-арнасының хабарлауынша, төбелеске шамамен 30 адам қатысқан.

Қақтығыс Солтүстік Осетия Аланиядан келген Давид Ваниев пен шешен балуаны Турпал Алхоев арасындағы белдесуден кейін басталған.

Төрешілер жеңісті Ваниевке берді. Бұл шешімнен кейін екі спортшы сөзге келіп, арты дауға ұласқан.

Біртіндеп жанжал ушығып, сол себепті төбелес бақылаудан шыққан. Қақтығысқа жарысқа қатысушылар мен көрермендер де араласып, жағдай ушығып кеткен.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 13 Қаңтар, 2026 14:27