Еркін күрестен әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа белгілі кәсіпкер су жаңа көлік мінгізді
Қазақстанның еркін күрес тарихындағы екінші әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа белгілі кәсіпкер су жаңа көлік сыйға тарту етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еркін күрестен Тиранада өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Нұрқожа Қайпановқа демеушілер су жаңа көлік сыйлады. Спортшыға меценат Ерлан Қожасбай “Zeekr 001” маркалы автокөліктің кілтін табыстады.
"Әлем чемпионы атануыңмен құттықтай отырып, өзіңе, бапкерлеріне алғыс білдіремін. Осы жолда аянбай тер төгіп жүрсің. Оған өзім де куәмін. Біздің күрес академиясының шәкірті екеніңе мақтанамыз. Өзімнің, "Сәду-Аренаның" атынан сыйлық бергіміз келеді", - деді Ерлан Қожасбай.
Айта кетейік, Нұрқожа әлем чемпионатында бес белдесу өткізіп, барлығын айқын басымдықпен ұтты. Финалда жапон балуанын 6:3 есебімен жеңіп, Қазақстан еркін күрес тарихындағы екінші әлем чемпионы атанды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

