Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Еркеш Хасен некеде бола тұра белгілі актрисамен көңіл қосты деп айыпталды

Еркеш Хасен ажырасып Жанель Серғазинаға үйленгені рас па?Фото: https://www.instagram.com/zhanelsergazina

Желіде танымал “Айгөлек” бағдарламасының жүргізушісі болған әнші Еркеш Хасен мен актриса Жанель Серғазинаға қатысты дау туды. Қолданушылар өнер иелеріне қатысты бойкот жариялауға шақырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Threads желісінде Сандуғаш Амантай есімді қолданушы өзін Еркеш Хасеннің бұрынғы жары Айгерімнің құрбысы ретінде таныстырып, пікір қалдырған. Оның айтуынша, әнші әйелімен ажыраспай жатып, актриса Жанель Серғазинамен көңіл қосқан.

“Осыдан бір жыл бұрын болған оқиға. Құрбыммен некеде бола тұра Жанельмен жүріп кетті. Тіпті қызына хабарласпай, жоқ болып кететін. “Егіз Лебізде” екеуінің құшақтасып жүргенін бәрі көрген. Сонда Жанель  үйде әйелі мен қызы күтіп отырғанын біле тұра Еркешке жабысып, соңында аяғы ауыр болып қалады. Айгеріммен қарым-қатынасын үзбей тұрып, басқаға секіре салды. Құрбымның еңбегімен жасалған үйдің құрылысы біткен пәтерде түк болмағандай екеуі тұрып жатыр”, – деп жазған ол.

Оның сөзінше, құрбысы отбасын сақтап қалуға тырысқан.

“Қаншама көз жасы төгілді. Қиналды. Жүрегі ауырды. Медина қызы әкесін іздейтін еді. Құрбым отбасын сақтап қалуға тырысқанымен, Еркеш қарапайым телефон арқылы сөйлесуден қашатын”, – деп жазды ол.

Еркеш Хасен басы дауға қалды

Сондай-ақ желі қолданушылары Еркеш Хасен мен Жанель Серғазина “Қызық премияда” бірге отырғанын байқап қалған.

Еркеш Хасен

Қазақстандықтар бойкот жариялады

Бұл ақпарат желі қолданушыларына жақпай қалды. Олар әнші мен актрисаны жобалардан алып тастауды сұрап, олар қатысқан іс-шараларды көруден бас тартып жатыр.

Мәселен қолданушының бірі Жанель Серғазинамен жұмыс істеуін тоқтатуды сұраған. 

“Сәлем social, Шәріп Серікпен жұмыс істеуді тоқтатқан едіңіздер, енді Жанельмен де солай істеңіздер. Мұндай шешім екі жаққа да қатысты болуы керек. Ол Айгерімнің күйеуін тартып алды. Сонша қашып не болды? Жарайды, өзге әйел ұнап қалған екен, өз балаңнан кеше қашасың? Ресми некеде туған баланың не кінәсі бар”, – деп жазған.

Тағы бір қолданушы Еркеш Хасеннің жаңа әнін тыңдағысы, бейнебаянын көргісі келмейтінін жазған.

Құрметті, Ғалия Байбосынова ханым! Біз халық болып Еркеш Хасенге байкот жариялаймыз! “Қызым” деп әндетіп, көптің жүрегінен орын алып, енді сол қызын керек қылмаған адам халық алдында жүруге хақысы жоқ! Біз жаңа ән де, бейнебаян да, шаралардан да көргіміз келмейді! Сәлем social, отбасын бұзып, әйелі барын біле тұра жүріс жасаған актрисаныда алып тастауларыңызды сұраймыз!” – деп жазды ол.

Қолданушылар әншінің экс-әйелін жаппай қолдау білдіріп жатыр. 

“Бір шетте жазықсыз ана мен бала жылап қалғанда, бұл екеуі түк болмағандай шығармашылықпен айналысып, ақша тауып шалқып жүргендеріне қарсымыз!”, “Актрисаны кәнсілдейік, оның экрандарда жүруге хақысы жоқ”, “Еркектен де, әйелден де ар кеткен заман болды”, “Еркешті ақылды, отбасына адал деп ойлайтын едім. Қарапайым болып көрінетін еді”, “Айгерім жақсы жігітті ұстап алып, бақытты болып кетсе екен”, – деп жазған олар.

Әнші не дейді?

Stan.kz мәселеге қатысты пікір білдіруді сұрап, Еркеш Хасенге байланысқа шықты. Алайда өнер иесі нақты жауап беруден бас тартып, қысқа қайырды.

“Мен Threads желісіндегі адамдардың ойымен санаспаймын, өйткені онда кез келген адам ойына келгенді жаза береді. Жеке өмірімді ешкіммен талқылағым келмейді, сондықтан қолданушылардың пікіріне де жауап бермеймін. Өсек-аяңға сенетін адам сенеді, сенбесе сенбейді. Бұл адамның сана-сезіміне байланысты”, – деп жауап берді ол.

Айта кетейік, Еркеш Хасен мен Айгерімнің ортақ Медина есімді қызы бар. Әншінің қызына арнаған “Қызым” атты әні тыңдарманның жүрегінен орын алып, хитке айналған еді.

Еске салайық, бұған дейін Еркеш Хасен қызының 1 жас туған күнін дүркіретіп атап өткені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 06 Қаңтар, 2026 18:39