Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырған өзбекстандық файтер үш жылға түрмеге қамалды

Қазақстандық ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырған Шахзод Узоков “Голд” лақап атымен танылған өзбекстандық файтер қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол өткен жылдың қараша айында көшеде болған жанжалға қатысып, досымен бірге екі азаматқа күш қолданғаны үшін ұсталған.
Алғашында сот оған 4 жыл үйқамақ жазасын тағайындаған. Алайда белгіленген талаптарды бұзғаннан кейін, іс қайта қаралып, спортшы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Өзбекстандық файтер қазақстандық жанкүйерлерге Еркебұлан Тоқтар арқылы таныс болды.
Ташкентте өткен турнирде жекпе-жектен кейін Узоков рингке шығып, Тоқтарға ашық түрде жекпе-жекке шақырған еді.
Бұл сәт көрермендердің қызығушылығын тудырып, кейін олардың жекпе-жегі жайлы келіссөздер басталған.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін 26 желтоқсанда өткізіп, ресейлік боксшы Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутпен жеңген.
Ал Узоков соңғы рет ақпан айында өткен турнирде әзербайжандық Мухаммадали Нурусовпен жұдырықтасып, бірінші раундта жеңіліп қалды.
Осы жағдайдан кейін оның спорттық мансабы мен Тоқтармен жекпе-жегі белгісіз болып отыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған